Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 447/НҚ бұйрығы

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мына шараларды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары- Жасанды
интеллект және цифрлық даму
министрінің
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 447 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес бекітілді және ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, пошта байланысы бөлімшелеріндегі ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      2) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;

      3) шығындар – ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде ұлттық пошта операторының шығуы немесе активтердің азаюы немесе капиталдың азаюына әкеп соқтыратын міндеттемелердің ұлғаюы түрінде болатын экономикалық пайданың азаюы.

2-тарау. Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарды өтеу тәртібі

      4. Ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық пошта операторының шығындары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 30-бабына сәйкес өтеледі.

      5. Әкімші жыл сайын ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасын әзірлейді және оларды күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей, ұлттық пошта операторының атына жолдайды.

      6. Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, шығындардың болжамды есебін қалыптастырады және растайтын материалдарды қоса бере отырып, әкімшінің атына жолдайды.

      7. Ауылдық елді мекендерде ұлттық пошта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін бюджет шығыстарын жоспарлау үшін әкімші қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік өтінімді ұсынады.

      8. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұлттық пошта операторының мынадай шығындары:

      1) материалдық шығыстар;

      2) еңбекке ақы төлеу шығындары мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлерге;

      3) сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге арналған шығыстар;

      4) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдар;

      5) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;

      6) ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;

      7) цифрлық жүйелерді сүйемелдеуге, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстар әкімші өтеген кезде ескеріледі.

      9. Шығындарды өтеу әкімші көздеген қаражат шегінде, тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады

Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах

Приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 3 августа 2026 года № 447/НҚ

      В соответствии с подпунктом 23-1) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О почте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах.

      2. Комитету государственных услуг Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного интеллекта и
цифрового развития Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Заместителя Премьер-Министра
– Министра искусственного
интеллекта и цифрового
развития Республики Казахстан
от 3 августа 2026 года № 447/НҚ

Правила возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах (далее – Правила), утверждены в соответствии с подпунктом 23-1) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О почте" и определяют порядок возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах.

      2. Доступ населения, проживающего в сельских населенных пунктах, к государственным услугам обеспечивается Национальным оператором почты в отделениях почтовой связи в соответствии с реестром государственных услуг, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 39/НҚ "Об утверждении реестра государственных услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19982).

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) администратор бюджетной программы (далее - администратор) – уполномоченный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере оказания государственных услуг.

      2) Национальный оператор почты – оператор почты, определяемый уполномоченным органом в области почты, созданный в организационно-правовой форме акционерного общества, на которого возложены обязательства, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О почте";

      3) затраты – уменьшение экономических выгод, происходящее в форме выбытия или уменьшения активов, или увеличения обязательств, ведущих к уменьшению капитала, понесенное Национальным оператором почты, при организации и обеспечении доступа к государственным услугам населения, проживающего в сельских населенных пунктах.

Глава 2. Порядок возмещения затрат, связанных с обеспечением доступа к государственным услугам в сельских населенных пунктах

      4. Затраты Национального оператора почты по обеспечению доступа к государственным услугам для населения, проживающего в сельских населенных пунктах, возмещаются в соответствии со статьей 30 Бюджетного кодекса Республики Казахстан.

      5. Администратор ежегодно разрабатывает проект состава и содержания работ по обеспечению доступа к государственным услугам для населения, проживающего в сельских населенных пунктах и не позднее 10 декабря календарного года направляет их в адрес Национального оператора почты.

      6. Национальный оператор почты на основании проекта состава и содержания работ по обеспечению доступа к государственным услугам для населения, проживающего в сельских населенных пунктах, не позднее 1 февраля календарного года предшествующего планируемому периоду формирует прогнозный расчет затрат и с приложением подтверждающих материалов направляет в адрес администратора.

      7. Для планирования расходов бюджета для возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах, администратор представляет в срок до 15 мая финансового года в центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию бюджетную заявку согласно Бюджетного кодекса Республики Казахстан.

      8. При возмещении администратором учитываются следующие затраты Национального оператора почты, связанные с обеспечением доступа населения к государственным услугам в сельских населенных пунктах, проживающего в сельских населенных пунктах:

      1) материальные расходы;

      2) расходы на оплату труда работников, непосредственно оказывающих государственные услуги;

      3) расходы на обязательные виды страхования, налоги, сборы и другие обязательные платежи в бюджет;

      4) амортизационные отчисления основных средств и нематериальных активов;

      5) расходы на ремонтные работы, не приводящие к увеличению стоимости основных средств;

      6) расходы по содержанию зданий и коммунальные расходы;

      7) расходы на сопровождение цифровых систем, сервисное обслуживание по договорам со сторонними организациями.

      9. Возмещение затрат осуществляется в пределах средств, предусмотренных администратором, на ежеквартальной основе.