"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін "Биометриялық құжаттандыру терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалана отырып көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 430/НҚ және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 535 бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес және мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қол қойылған сәттен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығында республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында қолданыстағы тәртіпке баламалы нұсқа ретінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Пилоттық жоба) фронт-офистерінде "Құжаттандырудың биометриялық терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалана отырып, "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылсын.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Құжаттандырудың биометриялық терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалана отырып, "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.

      3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Пилоттық жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

      4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі "Құжаттандырудың биометриялық терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешені арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға электрондық өтінімдерді сапалы және уақтылы өңдеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және оның филиалдарына жеткізсін.

      6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы Пилоттық жобаны өткізу кезеңінде "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сөң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
___________ Е. Саденов
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
_____ Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық даму
министрінің
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 430/НҚ және Қазақстан
Республикасы Ішкі істер
министрінің
2026 жылғы 29 шілдедегі № 535
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін "Биометриялық құжаттандыру терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалана отырып көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алгоритм Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті (бұдан әрі – Комитет) атынан және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) атынан "Құжаттандыру терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешені (бұдан әрі – Құжаттандыру терминалы) арқылы "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындайды.Алгоритмде келесі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      2. Алгоритмде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ПТБ ЖЖ ЖТТ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Халықты құжаттандыру және тіркеу пункті" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуі;

      2) ЖТ ММБ - "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;

      3) ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) қызмет алушы - Қазақстан Республикасының азаматтары;

      5) қызмет - "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру";

      6) ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба;

      7) ХҚКО - Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығы;

      8) БХҚ - Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы;

      9) БЖҚ - Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімі;

      10) МДБ - арнайы құрылған және үнемі толықтырылатын деректер базасы, оның құрылымында тіркелген азаматтар туралы мәліметтер және олардың байланыс деректері (ұялы телефон нөмірлері) болады;

      11) ҚР ҰСБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;

      12) Құжаттандыру терминалы – құжаттандыру себептеріне сәйкес тиісті бұйрыққа қосымшада көзделген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын биометриялық сәйкестендіруге және фотосуретке түсіруге арналған камерамен, сондай-ақ қолтаңба сканерімен жабдықталған электрондық бағдарламалық-техникалық құрылғы;

      13) Қызмет алушының биометриялық сәйкестендіруі - биометриялық деректер (фото бейне) негізінде жеке басты анықтау рәсімі;

      14) Биометриялық сәйкестендіру жүйесі - қызмет алушыны қашықтықтан биометриялық сәйкестендіру сервисі;

      15) Мемлекеттік корпорация филиалы - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы;

      16) БЖЖ сервисі - персоналдық деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисі (персоналдық деректерді жинауға, өңдеуге немесе үшінші тұлғаларға беруге субъектінің келісімін алуымен қамтамасыз ететін қызмет).

      17) ЦҮП – Цифрлық үкімет порталы;

      18) ПД – Полиция департаменті.

      3. Құжаттандыру терминалы арқылы құжаттандыру процесі келесі қадамдарды қамтиды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЖСН-ін енгізу;

      2) МДҚ-да (Мобильдік азаматтар базасы) тіркелген телефон нөмірін енгізу;

      3) ЖТ МДБ-мен (Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры) интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті алушыны биометриялық сәйкестендіру;

      4) КДП (Қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисі) мемлекеттік сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беруі;

      5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) графикалық ақпаратты жинау:

      көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру;

      көрсетілетін қызметті алушының қолын алу.

      4. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттері, сондай-ақ ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі Құжаттандыру терминалы арқылы ресімделген электрондық өтінімдерді уақтылы тексеру бойынша шаралар қабылдайды.

      5. Мемлекеттік корпорация келесі шараларды қабылдайды:

      Құжаттандыру терминалы сервистерінің техникалық іске асырылуын қамтамасыз ету;

      ХҚКО-ларға (Халыққа қызмет көрсету орталықтарына) терминалдарды орнату;

      ХҚКО-лардағы Құжаттандыру терминалдарына техникалық қолдау көрсету;

      Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының талаптарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда белгіленген киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

2-тарау. Қызмет алушы мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимыл тәртібі

      6. Құжаттандыру терминалы арқылы құжаттандыру Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігінің қолданылу мерзімі өтуіне байланысты, тек оның қолданылу мерзімі аяқталуына 30 (отыз) және одан аз күнтізбелік күн қалғанда немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі өткеніне 10 (он) күнтізбелік күннен аспаған жағдайда ғана көрсетіледі. ПЦП (Процессингтік орталықтың бағдарламалық жасақтамасы) тиісті бөлімінде қажетті мемлекеттік қызмет таңдалады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінген кезде ХҚКО-ның ресепшн секторының қызметкері құжаттандыру себебін анықтайды және ол осы Алгоритмнің 6-тармағына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны Құжаттандыру терминалына жібереді. Құжаттандырудың өзге де түрлері бойынша мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

      8. Өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттардың негізінде өз бетінше толтырады. ХҚКО қызметкері құжаттандыру терминалы арқылы өтінімді ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға консультациялық көмек көрсетеді.

      9. Құжаттандыру терминалы арқылы қызмет көрсету осы Алгоритмнің 3-тармағында көзделген құжаттандыру процесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. ПД қызметкері Құжаттандыру терминалынан түскен өтінімді тексереді.

      Фотосурет немесе қолтаңба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің талаптарына сәйкес келмеген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген), құжаттандыру қағидалары бұзылған не қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу қажет болған жағдайда, ПД қызметкері жою себебін көрсете отырып, ЖТТ ТП ПБЖ жүйесінде өтініштің күшін жояды. Көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің күші жойылғаны туралы МДҚ-да тіркелген ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама жіберу арқылы хабарланады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру өтінімді тіркеу талонының нөмірі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      11. Құжаттандыру терминалының, оның бағдарламалық жасақтамасының, байланыс арналарының немесе ЖТТ ТП ПБЖ жұмысына байланысты себептер бойынша ұзақтығы 10 минуттан асатын қызмет көрсету кезінде техникалық іркілістер анықталған жағдайда, ХҚКО қызметкерлері Мемлекеттік корпорацияда орналасқан Көші-қон қызметі бөлімшелерінің (КҚБ) қызметкерлерімен бірлесіп, себептерін көрсете отырып техникалық іркіліс туралы акті жасайды, ол кейіннен Комитетке және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      12. БМГ жүйелерінің, биометриялық сәйкестендірудің немесе Құжаттандыру терминалының жұмысына байланысты себептер бойынша ұзақтығы 10 минуттан асатын техникалық іркілістер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қағаз форматында береді

      13. Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО қызметкерлері мен КҚБ қызметкерлері күн сайын ақпараттық парақтарды ЖТТ ТП ПБЖ мониторингімен салыстырып тексереді және жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға ресімделген өтінімдердің уақтылы жіберілуін қадағалайды..

      14. Мемлекеттік корпорацияның филиалдары және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары Полиция департаменттерінің КҚБ (Көші-қон қызметі басқармасы), сондай-ақ ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі апта сайын, дүйсенбі күнгі сағат 10.00-ден кешіктірмей, Мемлекеттік корпорация мен Көші-қон қызметі комитетіне ХҚКО қызметкерлерінің қызмет көрсетуі кезінде анықталған проблемалық мәселелер туралы ақпаратты жібереді..

      15. Пилоттық жобаға қатысатын цифрлық объектілердің тізбесі:

      - МДҚ (Мобильдік азаматтар базасы);

      - Құжаттандыру терминалы;

      - Биометриялық сәйкестендіру жүйесі;

      - КДП (Қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисі) сервисі;

      - ЖТТ ТП ПБЖ (Жеке тұлғаларды тіркеу пунктінің процессингтік бағдарламалық жасақтамасы)

О проведении пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан" с использованием Программно-аппаратного комплекса "Биометрический терминал документирования"

Совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 22 июля 2026 года № 430/НҚ и Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 июля 2026 года № 535

      В соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" и в целях повышения эффективности оказания государственных и социально ответственных услуг, а также организации работы по улучшению качества обслуживания населения по вопросам выдачи паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Реализовать пилотный проект по оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан" с использованием Программно-аппаратного комплекса "Биометрический терминал документирования" во фронт-офисах некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Пилотный проект) в качестве альтернативного варианта к действующему порядку в городах республиканского значения и столицы, административных центрах областей, а также в городе Байконур с момента подписания по 31 декабря 2026 года.

      2. Утвердить Алгоритм реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан" с использованием Программно-аппаратного комплекса "Биометрический терминал документирования" согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      3. Некоммерческому акционерному обществу "Государственная корпорация "Правительство для граждан" при реализации Пилотного проекта обеспечить кибербезопасность и защиту персональных данных, согласно требованиям Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности", Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", Едиными требованиями в сферах цифровизации и обеспечения кибербезопасности утверждаемыми Правительством Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О кибербезопасности".

      4. Департаментам полиции областей, городов Астана, Алматы и Шымкент, Представительству Министерства внутренних дел Республики Казахстан в городе Байконур организовать работу по обеспечению качественной и своевременной обработки электронных заявок на изготовление документов, удостоверяющих личность через Программно-аппаратный комплекс "Биометрический терминал документирования".

      5. Комитету миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан и Комитету государственных услуг Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан довести настоящий совместный приказ до сведения Департаментов полиции областей, городов Астана, Алматы и Шымкент, Представительству Министерства внутренних дел Республики Казахстан в городе Байконур, Республиканского государственного предприятия "Информационно-производственный центр" Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Некоммерческому акционерному обществу "Государственная корпорация "Правительство для граждан" и его филиалов.

      6. Акционерному обществу "Национальные информационные технологии" на период проведения Пилотного проекта обеспечить техническую возможность интеграции с цифровыми системами государственных органов через шлюз "цифрового правительства".

      7. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
______________ Е. Саденов
      Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного интеллекта и
цифрового развития Республики Казахстан
_______________ Ж. Мадиев

  Утвержден
совместным приказом
Заместителя Премьер -
Министра-Министра
искусственного интеллекта и
цифрового развития
Республики Казахстан
от 22 июля 2026 года № 430/НҚ
и Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 29 июля 2026 года № 535

Алгоритм проведения пилотного проекта по оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан" с использованием Программно-аппаратного комплекса "Биометрический терминал документирования"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Алгоритм определяет порядок реализации пилотного проекта между Министерством внутренних дел Республики Казахстан в лице Комитета миграционной службы (далее – Комитет) и Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан в лице некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) по оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан" посредством Программно-аппаратного комплекса "Терминал документирования" (далее – Терминал документирования).

      1. В Алгоритме используются следующие понятия и сокращения:

      1) ППО РП ДРН - прикладное программное обеспечение "Регистрационный пункт "Документирование и регистрация населения" Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      2) ГБД ФЛ – государственная база данных "Физические лица";

      3) ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      4) услугополучатель - граждане Республики Казахстан;

      5) услуга - "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан";

      6) ЭЦП – электронная цифровая подпись;

      7) ЦОН - Центр обслуживания населения Государственной корпорации;

      8) УМС – Управление миграционной службы Департамента полиции;

      9) ОМС – Отдел миграционной службы Управления полиции;

      10) БМГ – специально созданная и регулярно пополняемая база данных, в структуре которой содержатся сведения о зарегистрированных гражданах и их контактных данных в виде мобильных номеров;

      11) НУЦ РК – Национальный удостоверяющий центр Республики Казахстан;

      12) Терминал документирования – электронное программно-техническое устройство, обеспечивающее прием заявок на изготовление документов, удостоверяющих личность, по причинам документирования согласно приложению, к соответствующему приказу, оборудованное камерой для биометрической идентификации личности и фотографирования услугополучателя, а также сканером подписи;

      13) Биометрическая идентификация услугополучателя – процедура установления личности на основании биометрических данных (фотоизображения);

      14) Система биометрической идентификации – сервис удаленной биометрической идентификации услугополучателя;

      15) Филиал Государственной корпорации – филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      16) Сервис КДП - государственный сервис контроля доступа к персональным данным, обеспечивающий информационное взаимодействие собственников и (или) операторов, третьих лиц с субъектом персональных данных и уполномоченным органом при доступе к персональным данным, включая получение согласия субъекта персональных данных на их сбор, обработку или передачу третьим лицам.

      17) ПЦП – Портал цифрового правительства;

      18) ДП – Департамент полиции.

      3. Процесс документирования посредством Терминала документирования включает следующие шаги:

      1) введение ИИН услугополучателя;

      2) введение номера телефона, зарегистрированного в БМГ;

      3) биометрическая идентификация услугополучателя посредством интеграции с ГБД ФЛ;

      4) предоставление услугополучателем согласия на сбор и обработку персональных данных посредством государственного сервиса КДП;

      5) сбор графической информации в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан", утвержденными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 267 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20192) (далее – Правила оказания государственной услуги):

      фотографирование услугополучателя;

      получение подписи услугополучателя.

      4. Департаменты полиции областей, городов Астана, Алматы, Шымкент, а также Представительство МВД в городе Байконыр принимают меры по своевременной проверке электронных заявок, оформленных посредством Терминала документирования.

      5. Государственная корпорация принимает меры по:

      обеспечению технической реализации сервисов Терминала документирования;

      установке терминалов в ЦОН;

      техническому сопровождению Терминалов документирования в ЦОН;

      обеспечению соблюдения требований Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", Закона Республики Казахстан "О кибербезопасности", а также требований кибербезопасности в соответствии с Едиными требованиями в сферах цифровизации и обеспечения кибербезопасности утверждаемыми Правительством Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О кибербезопасности".

Глава 2. Порядок взаимодействия услугополучателя и Государственной корпорации

      6. Документирование посредством Терминала документирования осуществляется в соответствии с Правилами оказания государственной услуги. Услуга оказывается гражданам Республики Казахстан в связи с истечением срока действия удостоверения личности только в случае, если до истечения срока действия осталось 30 (тридцать) и менее календарных дней либо срок действия удостоверения личности истек не более чем на 10 (десять) календарных дней. В соответствующем разделе ПЦП выбирается необходимая государственная услуга.

      7. При обращении услугополучателя в ЦОН работник сектора ресепшн ЦОН выясняет причину документирования и при ее соответствии пункту 6 настоящего Алгоритма направляет услугополучателя к Терминалу документирования. По иным видам документирования услуга оказывается в соответствии с Правилами оказания государственной услуги.

      8. Заявка заполняется услугополучателем самостоятельно на основании документов, предусмотренных Правилами оказания государственной услуги. Работник ЦОН оказывает услугополучателю консультативную помощь при оформлении заявки посредством Терминала документирования.

      9. Оказание услуги посредством Терминала документирования осуществляется согласно процессу документирования, предусмотренному пунктом 3 настоящего Алгоритма.

      10. Сотрудником ДП осуществляется проверка заявки, поступившей с Терминала документирования. В случае несоответствия фотоизображения или подписи требованиям Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача паспортов, удостоверений личности гражданам Республики Казахстан", утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 267 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20192), наличия нарушений правил документирования либо необходимости проведения дополнительных проверочных действий сотрудником ДП осуществляется аннулирование заявки в ППО РП ДРН с указанием причины аннулирования. Услугополучатель уведомляется об аннулировании заявки посредством СМС-сообщения, направленного на номер мобильного телефона, зарегистрированный в БМГ. Выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через Государственную корпорацию на основании номера талона регистрации заявки.

      11. В случае выявления технических сбоев при оказании услуги продолжительностью более 10 минут по причинам, связанным с работой Терминала документирования, его программного обеспечения, каналов связи или ППО РП ДРН, работниками ЦОН совместно с сотрудниками ОМС, дислоцированными в Государственной корпорации, составляется акт о техническом сбое с указанием причин, который в последующем направляется в Комитет и Государственную корпорацию.

      12. В случае выявления технических сбоев продолжительностью более 10 минут по причинам, связанным с работой систем БМГ, биометрической идентификации либо Терминала документирования, услугополучатель подает заявление на оказание государственной услуги в бумажном формате.

      13. Работники ЦОН Государственной корпорации и сотрудники ОМС ежедневно проводят сверку информационных листов с мониторингом ППО РП ДРН по своевременной отправке оформленных заявок на изготовление документов, удостоверяющих личность.

      14. Филиалы Государственной корпорации и УМС Департаментов полиции областей, городов Астана, Алматы, Шымкент, а также Представительство МВД в городе Байконыр еженедельно, не позднее 10 часов понедельника, направляют в Государственную корпорацию и Комитет миграционной службы информацию о проблемных вопросах, выявленных при оказании услуг работниками ЦОН.

      15. Перечень цифровых объектов, участвующих в пилотном проекте:

      БМГ;

      Терминал документирования;

      Система биометрической идентификации;

      Сервис КДП;

      ППО РП ДРН.