ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 13.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 81-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ цифрлық ортаның өзге де субъектілері тізбеге сәйкес айқындалсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 82/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің тізбесі
1. | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
2. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты |
3. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі |
4. | Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты |
5. | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
6. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты |
7. | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
8. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі |
9. | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы |
10. | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
11. | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
12. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
13. | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің аппараты |
14. | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
15. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
16. | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
17. | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
18. | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігі |
19. | Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
20. | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
21. | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
22. | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
23. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
24. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
25. | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
26. | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
27. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
28. | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
29. | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
30. | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
31. | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
32. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
33. | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
34. | Қазақстан Республикасының Мәдиниет және ақпарат министрлігі |
35. | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
36. | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
37. | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
38. | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
39. | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
40. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
41. | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі |
42. | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
43. | Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы |
44. | Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары |
45. | Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер мәслихаттарының аппараттары |
46. | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Ескертпе: * мемлекеттік және жергілікті атқарушы, орталық атқарушы және мемлекеттік сайлау органдарының қарамағындағы ведомстволарды, аумақтық органдарды, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жергілікті және басқа да соттарды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін квазимемлекеттік сектор субъектілерін және заңды тұлғаларды қоса алғанда; цифрландыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін, сондай-ақ меншік иесі – мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне қатысатын және электрондық цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланатын цифрлық ортаның субъектілері; Мемлекеттік бағдарламаларды немесе ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жеке әріптестер болып табылатын немесе мемлекеттік органдармен кеңестерге қатысу мақсатында ғана мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы желісінде мемлекеттік органдармен кеңестерге қатысатын заңды тұлғалар. | |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 82/НҚ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13102 болып тіркелген).
2. "Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27160 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 23 ақпандағы № 63/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31962 болып тіркелген).