Iшкi су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 107 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 281) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Калиакпаров

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрі міндетін
атқарушының
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 107 бұйрығына
1-қосымша

Ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары

      1. Осы Ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 281) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме қатынасы су жолдары – кеме қатынасы үшін ашық және Кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізілген ішкі су жолдары;

      2) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары (бұдан әрi – iшкi су жолдары) – кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;

      3) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызуды уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жүргізілетін талдау негізінде, осы Қағидаларда көзделген шарттардың жиынтығы болған кезде, кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне шекараларды көрсете отырып, ішкі су жолдарын немесе олардың учаскелерін міндетті түрде енгізе отырып жүзеге асырады.

      4. Талдауды уәкілетті орган жүргізеді және ішкі су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу туралы шешім қабылдау кезінде толық көлемде міндетті есепке алуға жатады және күтілетін тасымалдау көлемдерін, ішкі су жолының пайдалану сипаттамаларын, кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды жиынтық бағалауды және оны күтіп-ұстауға арналған қаржы құралдарына қажеттілік негіздемесін қамтиды.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрі міндетін
атқарушының
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 107 бұйрығына
2-қосымша

Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі

      1. Балқаш көлі.

      2. Есіл өзені, Петропавл су қоймасының бөгетінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Приишимка кентіне дейін.

      3. Есіл өзенінің Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі учаскесі.

      4. Жайық-Каспий арнасы.

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзенінің учаскесі (Волга өзенінің саласы).

      6. Қара Ертіс өзені (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлі – Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларымен бірге Ертіс өзені (Ресей Федерациясымен шекараға дейін).

      7. Ресей Федерациясынан бастап Жайық өзенінің сағасына дейінгі Жайық өзенінің учаскесі.

      8. Іле өзені (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) – Қапшағай су қоймасы – Іле өзені (Балқаш көліне дейін).

Об утверждении Правил отнесения внутренних водных путей к категории судоходных и перечня судоходных водных путей

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 4 мая 2026 года № 107

      В соответствии с подпунктом 281) пункта 15 Положения о Министерстве транспорта Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 "Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила отнесения внутренних водных путей к категории судоходных, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Перечень судоходных водных путей, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня утверждения настоящего приказа направление его в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Исполняющий
обязанности министра
Калиакпаров М.

  Приложение 1 к приказу
исполняющего обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от "___" _________ 2026 года № ___

Правила отнесения внутренних водных путей к категории судоходных

      1. Настоящие Правила отнесения внутренних водных путей к категории судоходных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 281) пункта 15 Положения о Министерстве транспорта Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865, и определяют порядок отнесения внутренних водных путей к категории судоходных.

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) судоходные водные пути – внутренние водные пути, открытые для судоходства и включенные в Перечень судоходных водных путей;

      2) внутренние водные пути Республики Казахстан (далее – внутренние водные пути) – естественные или искусственно созданные пути сообщения, возможные для использования в целях судоходства;

      3) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере внутреннего водного транспорта, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, – межотраслевую координацию.

      3. Отнесение внутренних водных путей к категории судоходных осуществляется уполномоченным органом на основании анализа, проводимого в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил, при наличии совокупности предусмотренных настоящими Правилами условий, с обязательным включением внутренних водных путей или их участков с указанием границ в Перечень судоходных водных путей.

      4. Анализ проводится уполномоченным органом и подлежит обязательному учету в полном объеме при принятии решения об отнесении внутренних водных путей к категории судоходных и включает совокупную оценку ожидаемых объемов перевозок, эксплуатационных характеристик внутреннего водного пути, предложений по обеспечению безопасности судоходства и обоснование потребности в финансовых средствах на его содержание.

  Приложение 2 к приказу
исполняющего обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от "___" _________ 2026 года № _____

Перечень судоходных водных путей

      1. Озеро Балхаш.

      2. Река Есиль от плотины Петропавловского водохранилища до поселка Приишимка Северо-Казахстанской области.

      3. Участок реки Есиль в пределах административно-территориальной границы города Астана.

      4. Жайык-Каспийский канал.

      5. Участок реки Кигаш (рукав реки Волга) на территории Республики Казахстан.

      6. Река Черный Ертис (от границы с Китайской Народной Республикой) – озеро Зайсан – река Ертис с Бухтарминским, Усть-Каменогорским и Шульбинским водохранилищами (до границы с Российской Федерацией).

      7. Участок на реке Жайык от границы с Российской Федерацией до ее устья.

      8. Река Или (от границы Китайской Народной Республики) – Капшагайское водохранилище – река Или (до озера Балхаш).