Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасын) осы шешімнің 1,2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Е.Шоқпаров |
| Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы " 26 " ақпандағы № 8-55-241 шешіміне1-қосымша |
Панфилов ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

| Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы " 26 " ақпандағы № 8-55-241 шешіміне 2-қосымша |
Жаркент қаласы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)


