"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабы 2-тармағына және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айқындалсын:
1) Жетісу облысында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - қарыз сомасынан 10 пайыз, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. С. Қанағатовқа жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу облыстық мәслихат төрағасының м.а. | Р.Салықова |
| Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 шілде № 40-254 шешіміне қосымша |
Жетісу облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1."Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
2. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары.