"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б.Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "29" сәуірдегі № 127 қаулысына қосымша |
"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, № 222.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және олардың заңнамада белгіленген тәртіппен орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды өткізеді;
2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;
3) спорт түрлері бойынша облыс командаларын даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
7) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
9) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыс командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;
15-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыс командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
15-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, облыс бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;
16) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;
22) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
23) спорттық медицина және оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
24) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
25) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
26) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
27) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
28) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес облыста мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
29) облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Талдықорған қаласы "Өркен" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Спорттың ойын түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі;
22) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимп" кәсіпқой регби клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
24) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының олимпиадалық резервтер дайындау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жақсылық Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орталық бассейні" су спорты түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жастар" спорт сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының волейбол бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының бокс бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының дзюдо бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" кәсіпқой волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
32) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
33) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" кәсіпқой спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.