ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) енгізілсін.";
мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Пилоттық жобаның операторы "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жылына екі рет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне Пилоттық жобаның нәтижелері туралы есеп ұсынсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу Алгоритмінде:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шарт (бұдан әрі – электрондық шарт) – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ваучер ұстаушыны тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетігін айқындай отырып, ваучер ұстаушының МДҰ-да болған кезеңінде МДҰ мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы қатынастарды реттейтін, тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған заңды күші бар құжат;";
мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшаларымен толықтырылсын:
"22) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – www.e-Qazyna.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде орналастырылған, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
23) тіркеуші – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көру қабілеті, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар, зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балалар үшін МДҰ-дағы арнайы топтарға және арнайы МДҰ-ға (арнайы бөбекжай-бақшалары, арнайы балабақшалар) кезек "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымына және оқыту тіліне сәйкес балалардың туған жылы, бұзушылық түрі бойынша әрбір МДҰ бойынша жеке қалыптастырылады.
Бұл ретте ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін жалпы кезекте бір мезгілде тұруға құқылы.
Санаториялық бөбекжай-балабақшалардағы кезек әрбір МДҰ бойынша бөлек және балалардың туған жылына сәйкес қалыптастырылады.";
мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Бір жылда туылған бірнеше балаға жалпы кезекке өтініш пен құжаттар тапсырған көрсетілетін қызметті алушы ваучер алу сәтінде МДҰ-да қажетті бос орындар болған жағдайда барлық балаларға ваучер алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ваучерді растау және беру сәтінде қалаған МДҰ-да бос орын болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы бос орындары бар басқа МДҰ-ны таңдайды, электронды шарт жасасады. Бұл ретте, қалаған МДҰ-ға ауысу үшін көрсетілетін қызметті алушы ваучер иеленушілер контингентіне қабылданып қойған бола тұра, қолда бар ваучер негізінде ақпараттандыру объектісінде күту парағына өтінім береді. Баланы күту парағына қою кезінде өтінімдердің кезектілігі олардың берілген күніне сәйкес қалыптастырылады.
МДҰ-да бос орындар пайда болған кезде ақпараттандыру объектісі күту парағында бірінші тұрған көрсетілетін қызметті алушыға проактивті тәсілмен хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыдан 1 (бір) күнтізбелік күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, өтінім күту парағынан алынып тасталады, ал хабарлама күту парағында тұрған келесі көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.";
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының кезекке қою бойынша қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының МДҰ көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
49 және 49-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Пилоттық жоба аясында 3-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыс аудандарында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру оның қатысушыларының мынадай дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:
білім беруді басқару органы:
1) Алгоритмге сәйкес:
пилоттық жобаны іске асыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін;
Қызмет көрсетушілердің тізбесі мен ваучер ұстаушылардың тізімін қалыптастырады;
2) Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі мен Қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін және ата-ана төлемінің рұқсат етілген ең жоғары мөлшері, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, тамақтану үшін және өзгерістер енгізу кезінде операторға ұсынып, бір уақытта бекітеді;
3) операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табельдерін МДҰ деректерімен салыстыру мақсатында тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікті (логин және құпия сөз);
тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының білім беруді басқару органы қалыптастырған көлемі шегінде оператор қаржыландыруға берген өтінішке сәйкес көлемде және мерзімдерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді;
қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және қызмет алушылардың тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақытылы жібереді;
4) Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде оператордың қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының сомасын азайту және мерзімін қысқарту туралы қосымша келісімдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында бұзу немесе жасасу жөнінде шаралар қабылдайды, білім беруді басқару органы тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдердің бұзылуына немесе жасалуына байланысты осындай МДҰ-ға қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбайды;
5) ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелінде көрсетілген ақпаратты растау мақсатында көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттарды тексереді;
6) оператордың хабарламасы бойынша, 41-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастайды;
7) ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушылардың, екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қосылу шартының талаптарымен келісуін қамтамасыз етеді;
8) мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
- веб-порталда тіркеледі;
- веб-порталда МДҰ-ғы ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы әкімдіктің қаулысын орналастырады;
- ақпараттандыру объектісін тіркеушінің веб-порталымен интеграциялауды қамтамасыз етеді;
оператор:
1) Қызмет көрсетушілер тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін оларда келтірілген деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қызмет көрсетушілердің тізбесінде көрсетілген МДҰ деректерінің (немесе) қызмет алушылар тізімінде көрсетілген қызмет алушылардың деректерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда оператор өзінің тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеру жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы оларды тексеру қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде оператор білім беруді басқару органын Қызмет алушылардың тізімінен тиісті емес қызмет алушыларды және (немесе) қызмет көрсетушілердің Тізбесінен сәйкес келмейтін МДҰ-ны алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды;
2) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шегінде қаржыландыруға өтініш жібереді;
3) Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тараптардың өзара іс-әрекет жасау талаптарын көздейтін, оператормен бекітілген қосылу шартын жасасады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 381-бабына сәйкес Пилоттық жобаға қатысушылар арасында жасалатын қосылу шарты аралас шарт болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-тарауына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес жасалатын тапсырыс шартының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына сәйкес жасалатын қосылу шартының элементтерін қамтиды.
Пилоттық жобаға қатысушылардың қосылу шартына қосылу тәртібін оператор айқындайды және қосылу шартының бекітілген нысанында көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған қосылу шартына өзгерістер білім беруді басқару органының бекітілген бюджеті шегінде біржақты тәртіппен енгізіледі;
4) виртуалды ваучер кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ қосылу шартында көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МДҰ көрсеткен білім беру қызметтерін қабылдайды не мұндай қызметтерді қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;
5) қаржылық ваучер кезінде – виртуалды ваучер кезінде көрсеткен білім беру қызметтері үшін тиісті мектепке дейінгі ұйымдарға кейіннен қолма-қол ақшасыз аудару үшін арналған қаражатты мектепке дейінгі ұйымдардың шоттарына, не қаржылық ваучер кезінде екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті ваучер ұстаушылардың шоттарына қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;
6) тәуекелдерді басқару жүйесін тоқсанына 1 рет жүргізеді;
7) веб-порталда тіркеуден өтеді;
қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:
1) қызмет алушы екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының мобильді қосымшасында және (немесе) ақпараттандыру объектісінде тіркеу жөніндегі нұсқаулықты жолдай отырып, қаржылық ваучерді таңдаған кезде ваучер ұстаушылардың атына банктік шот ашады.
Банк шоттарын ашу осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оның шеңберінде екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы қызмет алушылардың банк шоттарына аударылатын және кейіннен Пилоттық жоба шеңберінде тиісті ваучер ұстаушыларға көрсеткен білім беру қызметтері үшін Қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізілген МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;
2) қосылу шартында көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушылардың расталған қатысудың электрондық табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;
3) қосылу шартында көзделген мерзімдерде акцептсіз тәртіппен есептен шығарады:
қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша ваучер ұстаушылардың шоттарынан алынып, операторға аударылады;
Алгоритмнің 56-тармағына сәйкес ваучер жойылған, ваучер ұстаушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда ваучер ұстаушының банктік шоттарында қалған ақша операторға аударылады;
4) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты оператормен келісілген нысан бойынша береді;
5) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін одан әрі операторға беру үшін ҰБДҚ-ға береді;
6) тиісті ваучер ұстаұшыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде:
басқа ваучер ұстаушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір ваучер ұстаушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аудару;
білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде ашылған ваучер ұстаушының банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру фактілеріне жол бермеуге кепілдік береді;
7) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табеліне растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
көрсетілетін қызметті алушы:
1) қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу келісіміне қосылу туралы өтінішке қол қояды;
2) қызмет алушымен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;
3) электронды шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;
4) МДҰ-да ваучер ұстаушылардың күнделікті тіркелуін автоматты есепке алудың электрондық жүйесі болмаған кезде ақпараттандыру объектісінде ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелін есепті айдан кейінгі айдың 1-10 аралығындағы кезеңде өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.
МДҰ баланың дербес деректерін жинауға және өңдеуге ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің келісімімен ваучер ұстаушылардың қатысуын тіркеуді автоматты есепке алу элентрондық жүйесін пайдаланған кезде көрсетілетін қызметті алушы тарапынан қатысудың электрондық табелін күнделікті растау талап етілмейді.
МДҰ толтырған ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелінің деректерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.
Ваучер ұстаушының қатысудың электрондық табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі, бірақ бұл қатарынан 2 (екі) айдан аспауы қажет.
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметі көрсетілетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркелудің болуын қамтамасыз етеді;
МДҰ:
1) Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге қызмет алушының келісім беруін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес МДҰ мен қызмет алушы арасындағы электронды шартқа енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарының болуын қамтамасыз етеді;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу электрондық жүйесі болмаған кезде, ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
5) ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысудың электрондық табелі деректерімен қызмет алушының келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ ваучер ұстаушылардың қатысудың электрондық табелін өзгерту туралы қызмет алушы талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды;
6) жас топтарын бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидаты бойынша жинақтайды.
Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша толтырылуы:
- ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;
- кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;
- ортаңғы топ (3 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
- ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
- мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес.
Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша толықтырылуы:
топта жас ерекшелігі екі түрлі балалар болған жағдайда:
- 1 және 2 жастағы – 15 баладан артық емес;
- 2 және 3 жастағы – 20 баладан артық емес;
- 3 және 4 жастағы – 25 баладан артық емес;
- 4 және 5 жастағы – 25 баладан артық емес;
топта жас ерекшелігі үш түрлі балалар болған жағдайда:
- 2, 3, 4 жастағы – 25 баладан артық емес;
- 3, 4, 5 жастағы – 25 баладан артық емес.
Бұл ретте ерте жас және мектепалды жастағы балаларды біріктіре отырып, әртүрлі жас қағидасы бойынша топтар құруға жол берілмейді (мектеп жасына дейінгі балалар саны аз елді мекендерден басқа);
7) мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
веб-порталда тіркеуден өтеді;
веб-порталдың жеке кабинетінде тіркеушімен пайдаланушылық келісім жасасады;
- Қазақстан Республикасының цифрландыру және цифрлық қауіпсіздік туралы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкес келетін ақпараттандыру объектісін көрсетеді;
- осы Алгоритмнің 31 және 32-тармақтарында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, географиялық координаттары көрсетілген сыртқы көрінісінің және ғимараттың ішкі кеңістігінің фотоматериалдарын орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымды цифрландыруды жүзеге асырады;
49-1. Бұйрыққа 3-қосымшаның 2-бөліміне сәйкес облыстардың аудандарында мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру оның қатысушыларының мынадай дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:
білім басқармасы:
1) операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
операторды тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізу үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікпен (логин және пароль);
қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы жібереді;
2) оператор әзірлеген қосылу шартының жобасын (бұдан әрі – Шарт) бекітеді;
3) екінші деңгейдегі банктердегі және (немесе) Ұлттық почта операторындағы ваучер ұстаушылардың ашық шоттары арқылы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жағдайларын қоспағанда көрсетілетін қызметті алушылар электрондық қатысудың табелдеріне ұсынған құжаттарды тексереді;
4) МДҰ ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесін пайдаланған кезде электрондық табельді растайды.
Ваучер ұстаушылардың қатысуын күнделікті тіркеуді автоматты есепке алу жүйесін пайдалануға олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген және ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің келісімі болған жағдайда ваучер ұстаушының дербес деректерін білім беруді басқару органының мемлекеттік дата-орталықтарында және байланыс арналарында сақталатын және өңделетін (дербес деректер) жинауға және өңдеуге жол беріледі;
5) мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
- веб-порталда тіркеледі;
- веб-порталда мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы әкімдіктің қаулысын орналастырады;
- ақпараттандыру объектілерін тіркеушінің веб-порталымен интеграциялауды қамтамасыз етеді;
білім бөлімі:
1) жергілікті атқарушы органның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы шешіміне сәйкес ата-ана төлемақысының рұқсат етілген ең жоғары мөлшерін (қосымша қызметтер мен тамақтану) ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін;
Қызмет көрсетушілердің тізбесі мен ваучер ұстаушылардың тізімін қалыптастырады;
2) оператордың хабарламасы бойынша 41-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде МДҰ-ны қызмет көрсетушілер Тізбесінен алып тастайды;
3) операторға Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
оператор ұсынған қаржыландыруға өтініміне сәйкес, тиісті қаржы жылына білім беруді басқару органымен қалыптастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі шегінде, белгіленген көлемде және мерзімде бюджет қаражатымен;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы қосымша келісімдерді бұзу немесе жасасу жөнінде осындай МДҰ-ларға білім беруді басқару органы тапсырыс берушісі білім беруді басқару органы болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында келісімдерді бұзуға немесе жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдер жасасуға байланысты қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ шаралар қабылдайды;
5) ақпараттандыру объектісінде қалыптастырылатын және орналастырылатын Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тараптардың өзара іс-әрекет жасау талаптарын көздейтін, оператормен бекітілген қосылу шартын жасасады.
Қатысушылардың шартқа қосылу тәртібі бекітілген қосылу шартының нысанында көрсетіледі;
6) екінші деңгейдегі банктердегі ваучер ұстаушылардың және (немесе) Ұлттық почта операторының ашық шоттары арқылы МДҰ қызметтеріне ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтер актісі қабылдайды не қосылу шартында көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде көрсетілген қызметтер актісін қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;
7) оператормен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде МДҰ бюджет қаражатын аудару жөніндегі функцияларды беру жөніндегі тапсырма шартын жасасады;
8) ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың, екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қосылу шартының талаптарымен келісуін қамтамасыз етеді;
9) оператордың ұсынған тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бөлігінде заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізеді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;
10) мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
- веб порталда тіркеледі;
- веб-порталда мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы әкімдіктің қаулысын орналастырады;
- ақпараттандыру объектілерін тіркеушінің веб-порталымен интеграциялауды қамтамасыз етеді;
оператор:
1) тараптарының өзара іс-қимыл шарттарын көздейтін қосылу шартының үлгілік жобасын әзірлейді;
2) Қызмет көрсетушілер тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін оларда келтірілген деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қызмет көрсетушілер тізбесінде және (немесе) ваучер ұстаушылар тізімінде көрсетілген деректердің МДҰ деректерімен сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор өз тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеру жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы деректерді тексеру қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда, оператор білім беруді басқару органын сәйкес келмейтін ваучер ұстаушыларды ваучер ұстаушылар тізімінен және (немесе) МДҰ Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау қажеттілігі туралы хабардар етеді;
3) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шекте қаржыландыруға өтініш жібереді;
4) виртуалды ваучер кезінде – білім беруді басқару органы жариялаған қосылу шартына қосылған МДҰ қаражатын олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін, сондай-ақ қаржылық ваучер кезінде – екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті қызмет алушылардың шоттарына олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен тиісті МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;
5) тоқсанына 1 рет тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізеді;
қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:
1) қосылу шартымен көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушылар растаған қатысу табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;
2) қосылу шартымен көзделген мерзімдерде акцептісіз тәртіппен есептен шығарады:
қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша ваучер ұстаушылардың шоттарынан алынып, операторға аударылады;
алгоритмнің 56-тармағына сәйкес ваучер жойылған, ваучер ұстаушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда ваучер ұстаушының банктік шоттарында қалған ақша операторға аударылады;
3) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты оператормен келісілген нысан бойынша береді;
4) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін одан әрі операторға беру үшін ҰБДҚ-ға береді;
5) тиісті ваучер ұстаушыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде:
басқа ваучер ұстаушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір ваучер ұстаушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аударуға;
мемлекеттік білім беру тапсырысын ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру шеңберінде білім беру қызметтерін алушыларға қатысты ашылған ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру;
6) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және ваучер ұстаушылар қатысуының электрондық табелін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметті алушы:
1) қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу шартына қосылу туралы өтінішке қол қояды;
2) көрсетілетін қызметті алушымен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;
3) электронды шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесі болмаған кезде қосылу шартына сәйкес ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
МДҰ ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алудың жүйесін пайдаланған кезде көрсетілетін қызметті алушы тарапынан қатысудың электрондық табелін ай сайын растау талап етілмейді.
МДҰ толтырған ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу табелінің деректерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.
Ваучер ұстаушының қатысудың электрондық табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі, бірақ бұл қатарынан 2 (екі) айдан аспауы қажет.
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметі көрсетілетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркелудің болуын қамтамасыз етеді;
МДҰ:
1) Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілетін қызмет алушының келісім беруін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес МДҰ мен қызмет алушы арасындағы электронды шартқа енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарының болуын қамтамасыз етеді;
4) ваучер ұстаушылардың күнделікті қатысуын автоматты есепке алу жүйесі болмаған кезде ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
5) ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу электрондық табелі деректерімен қызмет алушының келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ ваучер ұстаушылардың қатысу табелін өзгерту туралы қызмет алушы талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды;
6) мынадай іс-қимылды жүзеге асырады:
- веб-порталда тіркеледі;
- веб-порталдың Жеке кабинетінде тіркеушімен пайдаланушылық келісім жасасады;
- ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттандыру объектісін көрсетеді;
- осы Алгоритмнің 31 және 32-тармақтарында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, географиялық координаттары көрсетілген сыртқы көрінісінің және ғимараттың ішкі кеңістігінің фотоматериалдарын веб-порталда орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымды цифрландыруды жүзеге асырады.";
50-тармақ алынып тасталсын;
аталған Алгоритмнің 4-қосымшасында:
1 және 2 реттік нөмірдегі жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | әскери қызметкерлердің; арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметшілерінің; басқа елді мекенге ротацияланған, көшірілген немесе ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің (конкурс бойынша лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) балалары, 5 жасқа толған, кезекке қойылған күні бойынша | 3 |
2 | әскери қызметкерлердің; арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметшілерінің; басқа елді мекенге ротацияланған, көшірілген немесе ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің (конкурс бойынша лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) балалары, 2 мен 5 жас аралығында, кезекке қойылған күні бойынша | 2 |
";
аталған бұйрықпен бекітілген өңірлердің мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаға көшу кестесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Ш.Қ. Ақпарова) жүктелсін.
4. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бірінші, он екінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, елу алтыншы, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз отыз төртінші, жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы, жүз отыз жетінші, жүз жетпіс бірінші, жүз жетпіс екінші, жүз жетпіс үшінші, жүз жетпіс төртінші және жүз жетпіс бесінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
| Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына 3-қосымша |
Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаға өңірлердің көшу кестесі
№ | Өңірлер | Аяқталу мерзімі | Жауапты тұлғалар |
1 бөлім. Облыстық және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және облыс аудандарын ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру | |||
1 | Шымкент қ. | қаңтар, 2025 жыл | Шымкент қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
2 | Тараз қ. | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі | |
3 | Түркістан қ. | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Түркістан қаласының білім бөлімі | |
4 | Орал қ. | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Орал қаласының білім бөлімі | |
5 | Астана қ. | қаңтар, 2025 жыл | Астана қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
6 | Семей қ. | наурыз, 2025 жыл | Абай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі |
7 | Өскемен қ. | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Өскемен қаласының білім бөлімі | |
8 | Қарағанды қ. | Қарағанды облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қарағанды қаласының білім бөлімі | |
9 | Жезқазған қ. | Ұлытау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі | |
10 | Сарыағаш ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Сарыағаш ауданының білім бөлімі | |
11 | Байзақ ауданы. | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Байзақ ауданының білім бөлімі | |
12 | Петропавл қ. | сәуір, 2025 жыл | Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Петропавл қаласының білім бөлімі |
13 | Қостанай қ. | Қостанай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қостанай қаласының білім бөлімі | |
14 | Павлодар қ. | Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі | |
15 | Қонаев қ. | мамыр, 2025 жыл | Павлодар облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Павлодар қаласының білім бөлімі |
16 | Қосшы қ. | Алматы облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қонаев қаласы білім бөлімі | |
17 | Талдықорған қ. | Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі | |
18 | Жетісай ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жетісай ауданының білім бөлімі | |
19 | Сайрам ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Сайрам ауданының білім бөлімі | |
20 | Қазығұрт ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қазығұрт ауданының білім бөлімі | |
21 | Мақтаарал ауданы | Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Мақтаарал ауданының білім бөлімі | |
22 | Ақтөбе қ. | маусым, 2025 жыл | Ақтөбе облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі |
23 | Атырау қ. | Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Атырау қаласының білім бөлімі | |
24 | Ақтау қ. | Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Маңғыстау қаласының білім бөлімі | |
25 | Қызылорда қ. | Қызылорда облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қызылорда қаласының білім бөлімі | |
26 | Бәйтерек ауданы | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Бәйтерек қаласының білім бөлімі | |
27 | Алматы қ. | шілде, 2025 жыл | Алматы қаласы әкімдігі, Білім басқармасы |
2 бөлім. Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың қалалары мен аудандарының ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуру | |||
1 | Жамбыл облысының Жамбыл ауданы | қыркүйек, 2025 жыл | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жамбыл ауданының білім бөлімі |
2 | Жамбыл облысының Жуалы ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жуалы ауданының білім бөлімі | |
3 | Жамбыл облысының Қордай ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қордай ауданының білім бөлімі | |
4 | Жамбыл облысының Меркі ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Меркі ауданының білім бөлімі | |
5 | Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Мойынқұм ауданының білім бөлімі | |
6 | Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Т. Рысқұлов ауданының білім бөлімі | |
7 | Жамбыл облысының Сарысу ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Сарысу ауданының білім бөлімі | |
8 | Жамбыл облысының Талас ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Талас ауданының білім бөлімі | |
9 | Жамбыл облысының Шу ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімі | |
10 | Атырау облысының Құрманғазы ауданы |
қаңтар, | Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Құрманғазы ауданының білім бөлімі |
11 | Атырау облысының Қызылқоға ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қызылқоға ауданының білім бөлімі | |
12 | Атырау облысының Мақат ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Мақат ауданының білім бөлімі | |
13 | Атырау облысының Индер ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Индер ауданының білім бөлімі | |
14 | Атырау облысының Махамбет ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Махамбет ауданының білім бөлімі | |
15 | Атырау облысының Жылыой ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жылыой ауданының білім бөлімі | |
16 | Атырау облысының Исатай ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Исатай ауданының білім бөлімі | |
17 | Тараз қаласы |
ақпан, | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі |
18 | Жамбыл облысының Байзақ ауданы | Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Байзақ ауданының білім бөлімі | |
19 | Шымкент қаласы |
наурыз, | Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының Білім басқармасы |