БҰЙЫРАМЫН:
1."Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2025 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 3 наурыз аралығында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.";
"2-бөлім. Облыстардың аудандарын 1-бөлімде көрсетілген аудандарды қоспағанда, ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшіру" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
"
2 | Атырау облысы | қаңтар, 2026 жыл | Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы |
".
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Ш.Қ. Ақпарова) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы |