"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 109) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | С. Нұрбек |
| Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген |
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі
Р/с № | Атауы |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі | |
1. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (тарих саласындағы зерттеу) |
2. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (философия саласындағы зерттеу) |
3. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (тіл білімі саласындағы зерттеу |
4. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (археология саласындағы зерттеу) |
5. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Р. Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шығыстану саласындағы зерттеу) |
6. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (өнер, әдебиет саласындағы зерттеу) |
7. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (механика саласындағы зерттеу) |
8. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (математика саласындағы зерттеу) |
9. | "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы; (биоорганикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы саласындағы зерттеу) |
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі | |
10. | "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (атом энергиясы саласындағы зерттеу) |
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | |
11. | "В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (астрофизика саласындағы зерттеу) |
12. | "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (астрономия саласындағы зерттеу) |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі | |
13. | "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (сейсмология саласындағы зерттеу) |