Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 42/237 "Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 тамыздағы № 46/253 шешімі

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2026 жылғы 29 сәуірдегі №42/237 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Қағиданың 2-тарауы 6-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға, табыс деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлем беріледі.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңаарқа аудандық мәслихат төрағасы Ю.А.Бекқожин

О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 29 апреля 2026 года № 42/237 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанааркинского района"

Решение Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 13 августа 2026 года № 46/253

      Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанааркинского района" от 29 апреля 2026 года №42/237 следующие изменения:

      подпункт 2) пункта 6 главы 2 Правил, утвержденных указанным решением изложить в новой редакции:

      2) Социальная помощь при наличии социально значимого заболевания, согласно Перечня социально значимых заболеваний, утвержденного Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 октября 2025 года №112 предоставляется лицам, страдающим социально значимыми заболеваниями, один раз в календарный год, независимо от уровня дохода, предоставляется денежная выплата в размере 30 (тридцати) месячных расчетных показателей.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Жанааркинского районного маслихата Ю.А.Беккожин