Қаражал қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 79 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Елеусізов

  қаулыға қосымша

Қаражал қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаражал қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі -Ұйымдар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының нормаларына сәйкес, мекемелер қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.

      2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу Қаражал қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.

3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;

      8) үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

Об утверждении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета города Каражал

Постановление акимата города Каражал области Ұлытау от 29 июня 2026 года № 79

      В соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан, Трудовым Кодексом Республики Казахстан, законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета города Каражал.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Каражал.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования

      Аким города А. Елеусизов

  Приложение к постановлению

Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета города Каражал.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из бюджета Карагандинской области (далее - Организации) разработан в соответствии с нормами Бюджетного Кодекса Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан, постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" в целях поощрения работников Организаций за надлежащее выполнение должностных (служебных) обязанностей, а также повышения их материальной заинтересованности в своевременном и качественном выполнении функций и задач.

      2. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников Организаций устанавливаются за счет средств местного бюджета, по решению соответствующих местных представительных органов.

Глава 2. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      3. Установление стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя Организации либо лица, его замещающего, на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений организаций, финансируемых из бюджета города Каражал.

      Письменное представление выносится непосредственным руководителем работника самостоятельных структурных подразделений первому руководителю государственного органа.

      4. В представлении указываются фамилия и должность работника, основания и размер устанавливаемой надбавки.

      5. Представление рассматривается руководителем Организации в срок не более 20-ти календарных дней.

      6. Руководитель организации в результате рассмотрения представления согласовывает либо отказывает с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу.

Глава 3. Условия установления стимулирующих надбавок

      7. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Организации;

      5) выполнение функций сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели;

      7) кроме того, надбавка к должностному окладу может быть установлена работнику, осуществляющему работу с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) надбавки также могут быть установлены при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности.