ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қаласының атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |
| Жезқазған қалалық мәслихатының 2026 жылғы "17" маусымдағы № 45/254 шешіміне қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы мөлшері
№ | Лауазым атауы | Лауазымдық айлықақыларына үстемеақы мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. Әкімшілік-басқару персоналы | ||
1 | Директор | 60 |
2 | Директордың орынбасары | 60 |
3 | Бақ-саябақ шаруашылығының бас инженері | 50 |
4 | Өндірістік-техникалық бөлімнің инженері | 50 |
5 | Бас бухгалтер | 50 |
6 | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер | 50 |
7 | Есеп айырысу бухгалтері | 50 |
8 | Экономист | 50 |
9 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман | 50 |
10 | Хатшы | 40 |
11 | Әдіскер | 40 |
12 | Кадрлар бөлімінің инспекторы | 40 |
2. Әкімшілік-шаруашылық персоналы | ||
1 | Агроном | 70 |
2 | Агроном-дендролог | 70 |
3 | Жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі техник | 60 |
4 | Көгалдандыру шебері | 80 |
5 | Санитариялық жұмыстар жөніндегі шебер | 80 |
6 | Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі шебер | 80 |
7 | Электрик-техник | 80 |
8 | Қойма меңгерушісі | 40 |
3. Қызмет көрсетуші персонал | ||
1 | Санитариялық жұмыстар жөніндегі жұмысшы | 80 |
2 | Абаттандыру жөніндегі жұмысшы | 80 |
3 | Көмекші жұмысшы | 80 |
4 | Диспетчер-оператор | 30 |