Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 – бабының 5 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 31 - баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 – бабы 3) тармақшасына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округі аумағынан 15 гектар жерді қосу жолымен Көкқайнар ауылы шекарасының (шегі) жалпы көлемі 3611,0 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Шу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Джанибеков |
| Аудандық мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |
| Шу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 2 және Шу аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 58 – 3 бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округі Көкқайнар ауылының шекарасын (шегін) өзгерту бойынша жер учаскелерінің
ТҮСІНДІРМЕСІ
№ | Шекарада берілген жер учаскелері | Жалпы ауданы, га | ІІ.Елді мекен жерлері, га | ІІІ.Босалқы жерлер, га | ||||||
1 | Көкқайнар ауылдық округінің жерлері | 38457,0 | 29293,8 | 7076,0 | 382,0 | 0 | 381,9 | 21835,8 | 3596,0 | 5568,0 |
2 | Көкқайнар а/о "Естемес" ӨК жер қорынан | +15,0 | -15,0 | |||||||
3 | Жалпы жер көлемі, га | 38457,0 | 29293,8 | 7076,0 | 382,0 | 0 | 381,9 | 21835,8 | 3611,0 | 5553,0 |