ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 45-бабының 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ ЦМҚАД) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. ҚР ЕХӘҚМ ЦМҚАД мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
___________________ А. Ертаев |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
___________________М. Тәкиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 3 маусымдағы № 358 мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 2 маусымдағы № 228 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз ұсыну тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Мәліметтер).
2. Мәліметтер ЕХӘҚМ-ға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 246-бабының 5-тармағына және 248-бабының 10-тармағына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 143-1) тармақшасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынылады.
3. Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік органдар арасындағы мәліметтермен алмасу жөніндегі цифрлық өзара іс-қимылға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер жатпайды.
Мемлекеттік кірістер органдарының ЕХӘҚМ-ға ұсынатын Мәліметтерінің тізбесі осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітіледі.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
4. Мәліметтер ЕХӘҚМ және МКК цифрлық жүйелер мен деректер қорын интеграциялау арқылы МКК электрондық түрде ұсынылады.
5. Жеке тұлғаның кірісі бұрын жіберілген Мәліметтер бойынша азаю жағына түзетілген жағдайда, өзгертілген мәліметтер ұсынылады. Мәліметтерді жаңарту кезеңі — онлайн/нақты уақыт режимінде.
6. ЕХӘҚМ мен МКК осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын цифрлық жүйелерге қолжетімділіктің үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді.
7. ЕХӘҚМ мен МКК цифрлық жүйелер арқылы берілетін деректердің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
8. ЕХӘҚМ осы Қағидалар шеңберінде алынған Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9. Мәліметтерге қол жеткізген тұлғалар оларды өз қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де жария етуге жатпайды.
10. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін және практикалық қажеттілігі жойылған жағдайда алынған Мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген "Шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес айқындалған тәртіппен жойылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
№ | Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер атауы |
1. | Бюджетпен есеп айырысулар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша (СТ шінің дербес шотынан көшірме үзінді) жағдайы |
2. | Салық агенті аударған ЖТС сомасы және кезеңдер бойынша жұмыскерлер саны (жартыжылдық, жыл) |
3. | ДК және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық кезең ішіндегі жылдық жиынтық кірісі/(түзетулерді ескере отырып) кірістер сомасы |
4. | Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген табыстардың сомасы |
5. | Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлғаға салық агенті есептеген ЖТС сомасы |
6. | Салық агенті ЖК кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы |
7. | Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген әлеуметтік аударымдар сомасы |
8. | Салық агенті ЖТ кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомасы |
9. | ДК, ЗТ (ЖСН/БСН), ДК атауы, кәсіпкерліктің түрі (дара, бірлескен, ЗТ белгісі, тіркеу есебінің типі: тіркеу есебінің коды, типі және атауы (анықтамалық 1), ДК/ЗТ бастапқы тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, ДК/ЗТ тіркеуден алу күні, есептен шығару себебінің коды (анықтамалық 2), қазақ және орыс тілдерінде есептен шығару себебі, (анықтамалық 2), МКО КНО коды, МКО БСН, қазақ және орыс тілдерінде МКО атауы). |
10. | ДК басшысы туралы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде басшының ТАӘ, басшының туған күні). |
11. | Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлға үшін салық агенті есептеген әлеуметтік салық сомасы |
12. | Кезеңдер (ай) бойынша алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыруға міндетті әлеуметтік аударымдар, ЖТС, ДК әлеуметтік салығы, арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға АСР қолданатын сомалар туралы мәліметтер |
13. | Бірлескен кәсіпкерлік туралы мәліметтер (ЖСН, қазақ және орыс тілдерінде басшының ТАӘ, бірлескен кәсіпкерлік мүшесінің туған күні) |
14. | Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, ұзарту және қайта бастау туралы (тоқтата тұрудың басталу және аяқталу күні, қайта басталу күні, тоқтата тұруды ұзартудың басталу және аяқталу күні) мәліметтер |
15. | ЭҚНЖ туралы (негізгі ЭҚНЖ коды, негізгі ЭҚНЖ есепке алу және есептен шығару күні, қазақ және орыс тілдерінде негізгі ЭҚНЖ атауы) мәліметтер |
16. | Экономикалық қызметтің қайталама түрі туралы (қайталама ЭҚЖЖ коды, қайталама ЭҚНЖ есепке алу және есептен шығару күні, қазақ және орыс тілдерінде қайталама ЭҚНЖ атауы) мәліметтер |
17. | ДК/ЗТ тіркеу деректері туралы мәліметтер (ЖСН/БСН, атауы, кәсіпкерлік түрі (жеке, бірлескен), ЗТ белгісі, тіркеу есебінің типі: тіркеу есебінің коды, типі және атауы (анықтамалық 1), бастапқы тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, тіркеуден шығару күні, есептен шығару себебінің коды (анықтамалық 2), қазақ және орыс тілдерінде есептен шығару себебі (анықтамалық 2), мемлекеттік кірістер органының коды (бұдан әрі - МКО), МКО БСН, қазақ және орыс тілдеріндегі МКО атауы) |
18. | ДК басшысы туралы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде ТАӘ, басшының туған күні) |
19. | Әрекетсіз ДК, ЗТ туралы мәліметтер (ӘСТТ-ға енгізу және СТТН-дан шығару күні) |
20. | ДК/ ЗТ және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның АСР туралы мәліметтер (АСР коды, қазақ және орыс тілдерінде АСР атауы, АСР қолданысының басталу күні, АСР қолданысының аяқталу күні) |
21. | БКМ туралы мәліметтер (БКМ моделі, БКМ тіркеу карточкасының нөмірі, БКМ тіркеу карточкасының берілген күні, БКМ зауыттық нөмірі, пайдалану орны) |
Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы:
АСР – арнайы салық режимі;
ӘСТТ – әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімі;
БКМ – бақылау-кассалық машина;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ДК – дара кәсіпкер;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖТ – жеке тұлға;
ЖТС – жеке табыс салығы;
ЗТ – заңды тұлға;
МКО – мемлекеттік кірістер органы;
СА – салық төлеуші;
СТТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
ЭҚНЖ – Экономикалық қызметтің негізгі жіктеуіші.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 358 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 228 бірлескен бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылған тізбесі
1. "Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығы.
2. "Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 410 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 134 бірлескен бұйрығы.
3. "Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 167 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 41 бірлескен бұйрығы.