Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпанындағы № 1 ""Абай облысы Жаңасемей ауданының басқару схемасы туралы" 2024жылғы 21 ақпандағы № 3/12-VIII Абай облысы Жаңасемей ауданы маслихатының шешімін іске асыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А. Қожаевқа жүктелсін.
| Аудан әкімі | Н. Әбдікәрімов |
| 1-қосымша Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "___" __________ № _____ қаулысына |
ЕРЕЖЕ "Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Шүлбі кенті әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Шүлбі кентінің әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін, жергілікті атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешетін мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Шүлбі кенті әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Шүлбі кенті әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілдегі атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Шүлбі кенті әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Шүлбі кенті әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқық берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.
6. Шүлбі кенті әкімінің аппараты өз құзыреті мәселелері бойынша әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалуын қамтамасыз етеді.
7. Шүлбі кенті әкімінің аппараты туралы ереже, оның құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімдігімен бекітіледі.
8. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – "Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: 071426, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Шүлбі кенті, 1 шағынаудан, 1-үй.
9. Осы Ереже Шүлбі кенті әкімінің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
10. Шүлбі кенті әкімінің аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Шүлбі кенті әкімінің аппараты өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге құқылы емес. Егер Шүлбі кенті әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңнамасымен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2-тарау. Шүлбі кенті әкімінің аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Шүлбі кенті әкімінің аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 2) Шүлбі кентінің аумағында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясат пен Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыруды қамтамасыз ету; 3) өз құзыреті шегінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу; 4) Шүлбі кентінің бюджетін жоспарлау мен оның атқарылуын қамтамасыз ету; 5) Шүлбі кентінің коммуналдық меншігін басқару; 6) халықпен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; 7) әкім мақұлдаған ауылдық қауымдастық жиыны мен жиналысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.
13. Шүлбі кенті әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде: 1) жергілікті қоғамдастық жиынын, Шүлбі кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 2) шақырылатын уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы өткізу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын хабардар етуді қамтамасыз етеді; 3) әкім мақұлдаған жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жиналысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; 4) кент бюджетін жоспарлау мен оның атқарылуын қамтамасыз етеді; 5) жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді; 6) заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен бюджетті іске асыру туралы шешім қабылдайды; 7) жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және ұсынады; 8) белгіленген тәртіппен коммуналдық мүлік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады; 9) коммуналдық мүлікті нысаналы және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады; 10) құзыреті шегінде коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; 11) заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14. Шүлбі кенті әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы өкілеттіктерді, оның ішінде құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді, мүлікті басқару мен қорғауды, жекешелендіруді, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) және сенімгерлік басқаруға беруді, мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беруді, даму жоспарларын бақылауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Шүлбі кенті әкімінің аппаратының: 1) қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 2) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға; 3) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға; 4) белгіленген тәртіппен ақпараттық дерекқорларды пайдалануға; 5) өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасасуға; 6) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
16. Шүлбі кенті әкімінің аппараты: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді; 2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді; 3) іс жүргізуді, хат-хабарлар мен өтініштерді қабылдау және тіркеуді жүргізеді; 4) әкім актілерінің жобаларын дайындауды ұйымдастырады; 5) құжаттамалық қамтамасыз етуді және іс жүргізу қағидаларының сақталуын жүзеге асырады; 6) ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді; 8) кадр жұмысын жүзеге асырады; 9) бухгалтерлік есепті, мемлекеттік сатып алуды, қазынашылық органдарымен жұмысты және белгіленген есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді; 10) өз құзыреті шегінде сайлауды, жұмылдыру дайындығын және азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 11) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның тапсырмаларын орындайды; 12) заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Шүлбі кенті әкімінің аппараты қызметін ұйымдастыру
17. Шүлбі кенті әкімінің аппаратына басшылықты Шүлбі кентінің әкімі жүзеге асырады, ол аппараттың басшысы болып табылады және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
18. Шүлбі кентінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 1) аппараттың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 2) өз құзыреті шегінде кенттің мүдделерін білдіреді; 3) азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарайды; 4) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі; 5) азаматтар мен заңды тұлғалардың заңнаманы сақтауына жәрдемдеседі; 6) әскери міндеттілік, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады; 7) заңнамада көзделген жағдайларда нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады; 8) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі; 9) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 10) кентті абаттандыруды, жарықтандыруды, көгалдандыруды және санитариялық тазалауды ұйымдастырады; 11) туыстары не заңды өкілі жоқ адамдарды жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және заңнамада көзделген жағдайларда жерлеуді қамтамасыз етеді; 12) үй шаруашылықтарын есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етеді; 13) тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады; 14) үй шаруашылықтарын есепке алу деректерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді; 15) халықпен кездесулер өткізеді; 16) жергілікті қоғамдастық жиынын шақыруға бастамашылық етеді; 17) жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының шешімдерін қарайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; 18) тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді; 19) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша заңнамада көзделген жағдайларда авариялық тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады; 20) халықты микрокредиттеуге жәрдем көрсетеді; 21) заңнамада белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Шүлбі кентінің әкімі: 1) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) қызметкерлерді белгіленген тәртіппен тағайындайды және қызметтен босатады; 3) тәртіптік жауапкершілік шараларын және көтермелеу шараларын қолданады; 4) өкімдер шығарады және тапсырмалар береді; 5) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады; 6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды; 7) мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 8) бюджет қаражаты мен коммуналдық мүліктің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; 9) аппарат басшысының өзге де өкілеттіктерін жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімнің орынбасары болуы мүмкін. Орынбасардың міндеттері мен өкілеттіктерін әкім айқындайды.
21. Шүлбі кентінің әкімі өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін жоғары тұрған әкімнің және тиісті мәслихаттың алдында өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты болады.
4-тарау. Шүлбі кенті әкімінің аппаратының мүлкі
22. Шүлбі кенті әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Мүлік меншік иесі берген мүлік, қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Шүлбі кенті әкімінің аппаратына бекітіліп берілген мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке жатады.
24. Шүлбі кенті әкімінің аппараты өзіне бекітіліп берілген мүлікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде билік етеді. Көзделген жағдайларда мүлікке билік ету жергілікті қоғамдастық жиналысымен және өзге де уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.
5-тарау. Шүлбі кенті әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
25. Шүлбі кенті әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Шүлбі кенті әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде мүлікті, құжаттарды, құқықтар мен міндеттемелерді беру мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.