"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 22 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Абай облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |