"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| бұйрығына 1-қосымша |
Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі
№ | Дақылдың атауы | Латынша атауы |
1 | 2 | 3 |
1-тарау. Дәнді дақылдар | ||
1. | Егістік қарақұмық | Fagopyrum esculentum Moench |
2. | Жүгері | Zea mays L. |
3. | Жалаңаш дәнді сұлы | Avena nudа L. |
4. | Егістік сұлы | Avena sativa L. |
5. | Кәдімгі тары | Panicum miliaceum L. |
6. | Жұмсақ бидай | Triticum aestivum L. |
7. | Қатты бидай | Triticum durum Desf. |
8. | Тургидум бидайы | Triticum turgidum L. |
9. | Егістік күріш | Oryza sativa L. |
10. | Дақылдық қарабидай | Secale cereale |
11. | Дәнді құмай | Sorghum bicolor (L.) Moench |
12. | Тритикале | Triticosecale |
13. | Жаздық арпа | Hordeum vulgare L. |
2-тарау. Дәнді-бұршақты дақылдар | ||
14. | Асбұршақ | Pisum sativum L. |
15. | Дақылдық ноқат | Cicer arietinum L. |
16. | Кәдімгі үрмебұршақ | Phaseolus vulgaris L. |
17. | Дақылдық жасымық | Lens culinaris Medik |
3-тарау. Майлы дақылдар | ||
18. | Ақ қыша | Sinapis alba L. |
19. | Сарепт қышасы | Brassica juncea (L.) Czern. |
20. | Майлы зығыр | Linum usitatissimum L. |
21. | Күнбағыс | Helianthus annuus L. |
22. | Рапс | Brassica napus L. |
23. | Мақсары | Carthamus tinctorius L. |
24. | Дақылдық майбұршақ | Glycine max (L.) Merr. |
4-тарау. Көкөніс және бақша дақылдары | ||
25. | Кәдімгі қарбыз | Citrullus lanatus (Thunb.) Matsum. & Nakai |
26. | Көкөніс насыбайгүлі | Ocimum basilicum L. |
27. | Баялды | Solanum melongena L. |
28. | Қауын | Cucumis melo L. |
29. | Ақ қауданды қырыққабат | Brassica oleracea L. convar. capitata (L.) Alef. var. alba DC. |
30. | Қызыл қауданды қырыққабат | Brassica oleracea L.convar. capitata (L.) Alef. var. rubra (L.) Thell. |
31. | Жапырақты қырыққабат | Brassica oleracea L. convar. acephala (DC.) Alef. |
32. | Пекин қырыққабаты | Brassica rapa L. subsp. pekinensis (Lour.) Hanelt |
33. | Савой қырыққабаты | Brassica oleracea L. convar. capitata (L.) Alef. var. sabauda L. |
34. | Түсті қырыққабат | Brassica oleracea L.convar botrytis ( L.) Alef.var. botrytis |
35. | Картоп | Solanum tuberosum L. |
36. | Кәді | Cucurbita pepo L. var. giraumonas Duch. |
37. | Батун пиязы | Allium fistulosum L. |
38. | Порей пиязы | Allium porrum L. |
39. | Басты пияз | Allium сера L. |
40. | Мангольд | Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. flavescens DC. f. crispa |
41. | Асханалық сәбіз | Daucus carota L. |
42. | Кәдімгі қияр | Cucumis sativus L. |
43. | Бұрыш | Capsicum annum L. |
44. | Ақжелкен | Petroselinum crispum (Mill.) Nyman ex A. W. Hill |
45. | Шомыр | Raphanus sativus L. |
46. | Шалқан | Brassica rapa L. |
47. | Шалғам |
Raphanus sativus L. var. |
48. | Жапырақты салат | Lactuca sativa L. |
49. | Спаржалық қырыққабат (брокколи) | Brassica oleracea L. var. italica Plenck |
50. | Асханалық қызылша | Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. conditiva Alef. |
51. | Қызанақ | Solanum lycopersicum L. |
52. | Үлкен жемісті асқабақ | Cucuribita maxima Duchesne |
53. | Сарымсақ | Allium sativum L. |
5-тарау. Техникалық дақылдар | ||
54. | Қант қызылшасы | Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. saccharifera Alef. |
55. | Сора* | Cannabis sativa L. subsp. sativa |
6-тарау. Талшықты дақылдар | ||
56. | Мақта | Gossypium L. |
7-тарау. Азықтық дақылдар | ||
57. | Егістік сиыржоңышқа | Vicia sativa L. |
58. | Ақ түйежоңышқа | Melilotus albus Medik. |
59. | Волжск түйежоңышқасы | Melilotus wolgicus |
60. | Сары түйежоңышқа | Melilotus officinalis Lam. |
61. | Иіртіс түйежоңышқа | Melilotus dentatus |
62. | Кәдімгі тарғақшөп | Dactylis glomerata L. |
63. | Тар жапырақты еркекшөп | Agropyron desertorum (Fisch. ex Link) Schult. |
64. | Кең жапырақты еркекшөп | Agropyron pectiniforme Roem. et. Schult. |
65. | Қылтықсыз арпабас | Bromus inermis Leyss. |
66. | Тік арпабас | Bromus arvensis L. |
67. | Қызылбас беде | Trifolium pratense L. |
68. | Жатаған беде | Trifolium repens L. |
69. | Шығыс ешкі шөбі | Galega orientalis Lam. |
70. | Тарлау қияқ | Psathyrostachys juncea (Fisch.) Nevski |
71. | Жоңышқа | Medicago L. |
72. | Могар | Setaria italica L. ssp. mocharium Alf. |
73. | Шалғын қоңырбас | Poa pratensis L. |
74. | Кәдімгі қоңырбас | Poa trivialis L. |
75. | Кәдімгі бетеге | Festuca L. |
76. | Қызыл бетеге | Festuca rubra L. |
77. | Шалғынды бетеге | Festuca pratensis Huds. |
78. | Қой бетегесі | Festuca ovina L. |
79. | Әр түрлі жапырақты бетеге | Festuca heterophylla Lam. |
80. | Қамыс бетегесі | Festuca arundinacea Schreb |
81. | Көкшіл бидайық | Thinopyrum intermedium (Host) |
82. | Африка тарысы | Pennisetum glaucum (L.) R. Br. |
83. | Буданды үйбидайығы | Lolium xhybridum Hausskn. |
84. | Көпжылдық үйбидайығы | Lolium perenne L. |
85. | Бір жылдық үйбидайық | Lolium multiflorum Lam. var. westerwoldicum Wittm. |
86. | Сыпыртқылы құмай жүгері | Sorghum technicum Roshev. |
87. | Судан шөбі | Sorghum×drummondii (Steud.) Millsp. & Chase |
88. | Шалғындық атқонақ | Phleum pratense L. |
89. | Эспарцет | Onobrychis |
8-тарау. Жеміс-жидек дақылдары және жүзім | ||
90. | Кәдімгі өрік | Prunus armeniaca L. |
91. | Жүзім | Vitis L. |
92. | Кәдімгі шие | Prunus cerasus L. |
93. | Құс шиесі | Prunus avium (L.) L. |
94. | Ұзын көкжидек | Vaccinium Corymbosum L. |
95. | Көкжидек | Vaccinium uliginosum L. |
96. | Кәдімгі алмұрт | Pyrus communis L. |
97. | Бүлдірген | Fragaria L. |
98. | Таңқурай | Rubus L. |
99. | Кәдімгі шабдалы | Prunus persica (L) Batsch |
100. | Шие қара өрігі (алша) | Prunus cerasifera Ehrh. |
101. | Дақылдық алхоры | Prunus domestica L. |
102. | Ақ қарақат | Ribes niveum Lindl. |
103. | Қызыл қарақат | Ribes rubrum L. |
104. | Қара қарақат | Ribes nigrum L. |
105. | Үй алмасы | Malus domestica (Suckow) Borkh. |
9-тарау. Жаңғақ жемісті дақылдар | ||
106. | Бадам | Prunus dulcis (Mill.) D. A. Webb |
107. | Грек жаңғағы | Juglans regia L. |
108. | Орман жаңғағы | Corylus avellana L. |
10-тарау. Субтропикалық дақылдар | ||
109. | Зәйтүн | Olea L. |
* танаптық сынақтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20231 болып тіркелген) бекітілген Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес лицензиясы бар өтінім берушінің учаскесінде жүргізіледі
| бұйрығына 2-қосымша |
Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі
№ | Дақылдың атауы | Латынша атауы |
1 | 2 | 3 |
1-тарау. Дәнді-бұршақты дақылдар | ||
1. | Маш | Vigna radiata (L.) |
2. | Егістік ноғатық | Lathyrus sativus L. |
2-тарау. Майлы дақылдар | ||
3. | Кәдімгі үпілмәлік | Ricinus communis L. |
4. | Күнжіт | Sesamum indicum L. |
5. | Арыш | Camelina sativa (L.) |
3-тарау. Көкөніс дақылдары | ||
6. | Асханалық тарна | Brassica napus L. var napobrassica (L.) Rchb. |
7. | Кориандр | Coriandrum sativum L. |
8. | Шалот пиязы | Allium ascalonicum L. |
9. | Егістік ботташық | Pastinaca sativa L. |
10. | Самсар | Cucurbita pepo L. var. melopepo L. |
11. | Рауғаш | Rheum L. |
12. | Балдыркөк | Apium graveolens L. |
13. | Шпинат | Spinacia oleracea L. |
14. | Қымыздық | Rumex L. |
4-тарау. Техникалық дақылдар | ||
15. | Көксағыз | Taraxacum kok-saghyz L. E. Rodin. |
16. | Кәдімгі темекі | Nicotiana tabacum L. |
5-тарау. Азықтық дақылдар | ||
17. | Шашақты гүлтәжі | Amaranthus cruentus L. |
18. | Түлкіше астрагал | Astragalus valpinus |
19. | Бадамды астрагал | Astragalus amygdalinus |
20. | Домалақбасты астрагал | Astragalus globiceps Bunge |
21. | Буассье шытыршығы | Isatis |
22. | Далалық сиыржоңышқа | Vicia villosa Roth. |
23. | Күнегей байқал тараны | Polygonum divaricatum L. |
24. | Жапырақсыз жүзгін | Calligonum aphyllum (Pall.) Gurke |
25. | Ақ қабық жүзгін | Calligonum Leucocladum |
26. | Медуза басы жүзгіні | Calligonum caput-medusae Schrenk |
27. | Тікенекті жүзгін | Calligonum acanthopterum I.G. Borshchow |
28. | Қызылқұм жүзгіні | Calligonum Kzyl-kymi |
29. | Ұсақ жемісті жүзгін | Calligonum microcarpum |
30. | Кәдімгі жүзгін | Calligonum commune |
31. | Түкті сабақты жүзгін | Calligonum eriopodum |
32. | Лессинг қараматауы | Camphorosma lessingii Litv. |
33. | Қамысты қосбас | Phalaris arundinacea L. |
34. | Күйреуік | Salsola orientalis S.G.Gmel. |
35. | Көпжемісті көкпек | Atriplex policarpa (Torr.) S.Watson |
36. | Көдем селдірек | Deschampsia cespitosa (L.) P. Beauv. |
37. | Тікенді лотус | Lotus corniculatus L |
38. | Өскін түзуші суоты | Agrostis stolonifera L. |
39. | Тамыр жусан | Artemisia terrae-albae Krasch. |
40. | Тықыр жусан | Artemisia glabella Kar. & Kir. |
41. | Ащы жусан | Artemisia halophilа |
42. | Тұран жусаны | Artemisia turanica |
43. | Жатаған изен (изен, шыбықот) | Bassia prostrata (L.) A. J. Scott |
44. | Көгентамырсыз бидайық |
Elymus trachycaulus (Link) Gould ex |
45. | Даур бидайығы | Elymus dahuricus Turcz. ex Griseb. Nevski. |
46. | Сібір бидайығы | Elymus sibiricus L. |
47. | Ақ сексеуіл | Haloxylon aphyllum Minkw. |
48. | Қара сексеуіл |
Haloxylon persicum Bunge ex Boiss. & |
49. | Азықтық қызылша | Beta vulgaris ssp. vulgaris var alba DC |
50. | Рихтер сораң (шеркез) | Salsola |
51. | Қышабас | Brassica rapa L. subsp. silvestris (Lam.) Janch. |
52. | Теріскен | Krascheninnikovia ceratoides (L.) Gueldenst |
53. | Эверсман теріскені | Krascheninnikovia eversmanniana (Stschegl. Ex Losinsk.) Grubov |
54. | Жералмұрт | Helianthus tuberosus L. |
55. | Жеркүнбағысы | Helianthus tuberosus x H.annus L. |
56. | Турнепс | Brassica rapa L. var rapa (L.) Thell |
57. | Тұт көбелегі | Bombyx mori L. |
58. | Шоған | Salsola subaphylla C.A. Mey |
59. | Қонақ | Setaria italica (L.) subsp. maxima Alef. |
60. | Тұт ағашы | Morus L. |
61. | Күңгірт қызылкүрең | Echinacea purpurea (L) Moench |
6-тарау. Жеміс-жидек дақылдары және жүзім | ||
62. | Кәдімгі беже | Cydonia oblonga Mill |
63. | Кәдімгі анар | Punica granatum L. |
64. | Қожақат | Rubus L. subg. Rubus |
65. | Көк үшқат | Lonicera caeruléa L. |
66. | Кәдімгі інжір | Ficus carica L. |
67. | Кәдімгі қарлыған | Ribes uva-crispa L. |
68. | Шырғанақ | Hippophae L. |
69. | Шетен | Sorbus L. |
70. | Қара жидек | Vaccínium myrtíllus L. |
7-тарау. Гүлді-сәндік дақылдар | ||
71. | Сүмбіл | Hyacinthus |
72. | Баршынгүл | Gladiolus L. |
73. | Құртқашаш | Iris L. |
74. | Канна | Canna L. |
75. | Клематис | Clematis L. |
76. | Сарана | Hemerocallis L. |
77. | Лалагүл | Lilium L. |
78. | Нәркес | Narcissus L. |
79. | ІІІұғынық | Paeonia L. |
80. | Раушангүл | Rosa L. |
81. | Дәрілік түймедақ | Matricaria recutita L. |
82. | Мамыргүл | Syringa L. |
83. | Барқытгүл | Tagetes L. |
84. | Қызғалдақ | Tulipa L. |
85. | Шилен | Ziziphus sativa Gaertn. |
86. | Түймежапырақ | Phacelia tanacetifolia Benth |
87. | Фрезия | Freesia Eckl. ex Klatt |
88. | Бақытгүл | Chrysanthemum L. |
89. | Үлпет | Zinnia L. |
8-тарау. Орман ағаштары | ||
90. | Салпыншақ қайың | Betula L. |
91. | Павловния | Paulownia Sieb. еt Zucc. |
92. | Кәдімгі қарағай | Pinus sylvestris L. |
10-тарау. Тропикалық және субтропикалық дақылдар | ||
93. | Банан | Musa acuminatа Colla Musa x paradisiaca L. |