"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Сапаров |
| бұйрығына қосымша |
Балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесі
Балық ресурстары және басқа да су жануарларының дериваттары | |
1 | Уылдырық |
2 | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының қаны |
3 | Балықтың шоғалы (гонадалары) |
4 | Су жануарларының цисталары (жұмыртқалары) |
5 | Қабыршық |
6 | Балықтардың және басқа су жануарларының ішкі органдары |
7 | Май (балық және басқа су жануарлары) |
8 | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының сүйектері |
9 | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының терісі |
10 | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының шеміршектері |
11 | Балық ресурстары және басқа да су жануарларының желбезектері |