БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде инвестициялық жобалар болған кезде осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуы жасалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуында 68-тармақ:
"жоспарлы кезең басталғанға дейін қаржыландыру" деген 4-бағанда жобаға бөлінген қаражат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен;
"сала" деген жолда жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; қорғаныс; қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым; сумен жабдықтау және канализация; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; газбен жабдықтау; жылу энергетикасы; ауыл шаруашылығы; қоршаған ортаны қорғау; су ресурстары; өнеркәсіп; тасымалдау; коммуникациялар; басқалары;
"облыс (өңір)" деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы;
"жоба мәртебесі (іске асырылып жатқан/жаңа жобалар)" деген жолда жоспарлы кезең басталғанға дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру болмаған жобалар жаңа жобалар болып табылады.
Әрбір жоба бойынша бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар конкурстық рәсімдерді өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, тиісті құжаттамада (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) белгіленген іске асырудың нормативтік кезеңінен асатын қаржыландыру кезеңімен мәлімделмейді.
84-қосымша сондай-ақ 441 және 512 ерекшелiктерi бойынша шығыстарды есептеу кезінде қолданылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілген және жоспарлы кезеңде іске асыруға жоспарланған жаңа бюджеттік инвестициялар бойынша шығыстар:
мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының құрамында жобалардың болуы;
мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;
егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысының негізінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |