ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 233 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттері және бірыңғай қазынашылық шоттағы күнделікті ақша қалдығы бойынша сыйақылар | ||
Республикалық бюджеттің уақытша бос қаражатын қаржы құралдарына орналастырудан алынған және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар | ||
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын қаржы құралдарына орналастыруынан алынған сыйақылар | ||
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар | ||
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар | ||
Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан және салықтық емес төлемдерден қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер | ||
Мүлікті жария еткені үшін алым | ||
Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Арнаулы мемлекеттік қордың мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша | ||
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған ақша, оның ішінде мүлікті өткізуден түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне түскен не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде өзге мүлікті өткізуден түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы |
| "; |
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Астана бюджетінен, облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінен республикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасы | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт | ||
Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін трансферт |
| "; |
реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу |
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдарының қайтаруы | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы | ||
Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару | ||
Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді астана бюджетінен, облыстық бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді астана бюджетінен, облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қайтару | ||
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |