БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:
01 "Тауарлар мен қызметтерге шығындар" деген сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1 "Тауарлар мен қызметтерге шығындар"";
150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныбында:
159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:
6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы ерекшелік бойынша 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157 және 158 ерекшеліктерде көрсетілмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі, оның ішінде: ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.
Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 "Басқа қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 "Басқа қызметтерді сатып алу" ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ерекшелік бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшін төлемақы көрсетіледі.
Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиісті ерекшеліктер бойынша жіктеледі.
Бұл ерекшелік бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі.
Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады.";
159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:
7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
банк қызметтеріне ақы төлеу кезінде;
соманы айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әкімшісі болып табылатын "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әкімшісі болып табылатын "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы", "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету", "Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық әкімшісі болып табылатын "Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы арасында жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып табылатын "Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдайлар жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету" бюджеттік бағдарламасы "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арасында жасалған қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламасы бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімшісі болып табылатын "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі әкімшісі болып табылатын "Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі әкімшісі болып табылатын "Статистика жүйесін жетілдіру" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Шетелдік іссапарлар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу", "Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкі, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезінде, әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасының салық мақсаттарында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға ақпараттық платформаны пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу кезінде.
Халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар арқылы іске асырылатын шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.";
2 "Күрделi шығындар" деген санатында:
04 "Негiзгi капиталды сатып алу" деген сыныбында:
410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу" деген кіші сыныбында:
413 "Көлік құралдарын сатып алу" ерекшелiгi бойынша:
6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алу.
Лизинг қызметтері бойынша көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша жіктеледі.";
414 "Машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал сатып алу" ерекшелiгi бойынша:
6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.
Лизинг қызметтері бойынша машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша жіктеледі.";
419 "Өзге де негізгі құралдарды сатып алу" ерекшелiгi бойынша:
6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"411, 412, 413 және 414 ерекшеліктері бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарды сатып алу.
411, 412, 413 және 414 ерекшеліктері бойынша көрсетілмеген лизинг қызметтері бойынша өзге де негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша жіктеледі.";
430 "Дамуға бағытталған күрделі шығындар" деген кіші сыныбында:
431 "Жаңа объектілерді салу және қолдағы бар объектілерді реконструкциялауерекшелiгi" бойынша
6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген бағанда орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:
мынадай мазмұнмен 3 "Ағымдағы трансферттер" деген сыныбымен толықтырылсын:
"
3 | Ағымдағы трансферттер | |||||
370 | Гранттар | |||||
371 | Білім беру гранты | Осы ерекшелігі бойынша білім беру грантын беру бойынша шығындар көрсетіледі. |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |