ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 332-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Министр | М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 121 бұйрыққа қосымша |
Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі
1. Австрия Республикасы
2. Америка Құрама Штаттары
3. Армения Республикасы
4. Әзербайжан Республикасы
5. Беларусь Республикасы
6. Бельгия Корольдігі
7. Вьетнам Социалистік Республикасы
8. Германия Федеративтік Республикасы
9. Жапония мемлекеті
10. Италия Республикасы
11. Иран Ислам Республикасы
12. Испания Корольдігі
13. Канада
14. Корея Республикасы
15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінен басқа)
16. Латвия Республикасы
17. Литва Республикасы
18. Люксембург Ұлы Герцогтігі
19. Малайзия
20. Моңғолия
21. Нидерланд Корольдігі
22. Норвегия Корольдігі
23. Пәкістан Ислам Республикасы
24. Польша Республикасы
25. Ресей Федерациясы
26. Румыния
27. Сауд Арабия патшалығы
28. Сингапур Республикасы
29. Словакия Республикасы
30. Словения Республикасы
31. Түркия Республикасы
32. Украина
33. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
34. Үндістан Республикасы
35. Финляндия Республикасы
36. Француз Республикасы
37. Хорватия Республикасы
38. Чех Республикасы
39. Швеция Корольдігі
40. Швейцария Конфедерациясы (тек келесі Кантондар бөлігінде):
1) Аргау
2) Берн
3) Тичино
4) Цюрих
41. Эстония Республикасы