Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 202 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 "Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін Алматы облысының ЖАО ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.";
7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацындағы "айына 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;" деген сөздер "табысы есепке алынбай айына 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек;" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
9- тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде осы азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерін басшылыққа алады.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беру тәртібі, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері, артық төленген және заңсыз алынған сомаларды қайтару тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.";
12-тармақ бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кеген аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нұғман |