Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің "Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2026 жылғы 30 маусымдағы № 337 қаулысын жою туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 367 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің "Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2026 жылғы 30 маусымдағы № 337 қаулысының күші жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Байеділов

Об отмене постановления акимата Енбекшиказахского района от 30 июня 2026 года № 337 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в Енбекшиказахском районе"

Постановление акимата Енбекшиказахского района Алматинской области от 10 июля 2026 года № 367

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Отменить постановление акимата Енбекшиказахского района от 30 июня 2026 года № 337 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам для встреч с избирателями в Енбекшиказахском районе".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Енбекшиказахского района, курирующего соответствующую отрасль.

      3. Настоящее постановление вводится в действие после его первого официального опубликования.

      Аким района Т.Байедилов