"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялықзаңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қонаев қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй–жайлар беру туралы Қапшағай қаласы әкімінің 2016 жылғы 6 ақпандағы №53 қаулысының күші жойылсын.
4. "Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Төребеков Жеңіс Еркімбекұлы осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Рахман Қуанышұлы Шахарбекке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А.Бердіханов |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Қонаев қаласы бойынша:
1) Абай көшесінің қиылысында, Ш. Уәлиханов атындағы № 2 гимназияға кіре берістегі тақта; (оңтүстік-батыс)
2) 1 ш/а. Қонаев көшесі, № 41 ғимаратқа қарама-қарсы жақтағы тақта; (шығыс жағы)
3) 2 ш/а. №29 үйге қарама-қарсы жақтағы тақта; (оңтүстік жағы)
4) 3 ш/а. №10Б үйге қарама - қарсы жақтағы тақта; (оңтүстік-шығыс)
5) 2 ш/а. Койчуманов және Алматинская көшесінің қиылысындағы тақта; (Оңтүстік - Шығыс)
6) Қойчуманов және Наурыз көшесінің қиылысындағы тақта; (оңтүстік - батыс)
7) Ивушка ш/а. № 5 үй алдындағы тақта;
8) Октябрьская көшесі №25/4 үй алдындағы тақта;
9) Сейфуллин көшесі 16/2 үй алдындағы тақта;
10) Сейфуллин көшесі және Қонаев даңғылының қиылысындағы тақта (Солтүстік);
11) Сейфуллин және Инюшин көшесінің қиылысындағы тақта тақта (Солтүстік);
12) Сейфуллин және Железнодорожная көшесінің қиылысындағы тақта (Солтүстік);
13) Абай көшесі 32а үй алдындағы тақта; (Батыс);
14) 3 ш/а. Қонаев даңғылы Сидранский көшесінің қиылысындағы тақта (оңтүстік-батыс);
15) Қонаев даңғылы Достық көшесінің қиылысындағы тақта (оңтүстік - батыс);
16) Алматинская және Сидранский көшесінің қиылысындағы тақта (Оңтүстік - Шығыс);
17) 10 ш/а. Алатау көшесі, 21 алдындағы тақта;
18) 5 ш/а. Қонаев даңғылы және Абай көшесінің қиылысындағы тақта;
2. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
1) Шеңгелді ауылы, Жиенқұлов көшесі, Ербол Айымбетов көшесінің қиылысындағы тақта;
2) Шеңгелді ауылы, Мәдениет үйі алдындағы тақта;
3) Акөзек ауылы, ауылдық мектеп ғимаратының алдындағы тақта;
4) Кербұлақ ауылы, Молодежная көшесі, ауылдық дәрігерлік амбулаториясының алдындағы тақта;
5) Сарыбұлақ, ауыл мектебі ғимаратының алдындағы тақта;
6) Қосқұдық станциясы, ауыл мектебі ғимаратының алдындағы тақта;
Сайлаушылармен кездесу үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
І. Конаев каласы бойынша:
№ | Үй-жайлар | Мекен-жайы | |
1. | Қалалық мәдениет үйінің мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
2. | Калалық кітапхана мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
3. | Орта мектеп гимназия мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
4. | Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
5. | Қазақ орта мектеп-лицей мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
6. | №3 орта мектеп мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
7. | Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің мәжіліс залы. | - |
Конаев каласы, |
ІІ. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
№ | Үй-жайлар | Мекен-жайы | |
8. | Ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залы. | - | Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі № 7. |
9. | №9 орта мектеп мәжіліс залы. | - | Қосқұдық бекеті, Алтынсарин көшесі №17. |
10. | №10 орта мектеп мәжіліс залы. | - | Ақөзек ауылы, Сүйінбай көшесі, №1. |
11. | №7 орта мектеп мәжіліс залы. | Кербұлақ ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, №40. | |
12. | №8 орта мектеп мәжіліс залы. | Сарыбұлақ ауылы, Талғар көшесі №1. |
Қонаев каласы әкімдігінің 2026 жылы "_____"_________ "Қонаев каласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу жене кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" №_____ каулысына келісім
"КЕЛІСІЛДІ"
Қонаев қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Күздеубаева Э.К.
"___"_________2026 жыл