"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37 бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына сәйкес және Қонаев қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 10 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде, Қонаев қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Қонаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 12-15 шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің орынбасары М.Ф. Тұрсынға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Бердіханов |