Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы "Алматы облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" № 30-142 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №174583 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) Иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;
8) Үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы.";
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Үй жануарының иесі және жауапты адамы, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Үй жануарларының иесі немесе жауапты адамы осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі. ";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға, оның ішінде оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне не оны ұстау үшін қажетті жағдайлар жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беру арқылы шаралар қабылдайды.
Үй жануарын жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етеді.";
келесі редакциядағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Жануардан бас тарту басқа тұлға оған меншік құқығын алғанға, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануарының иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.".
келесі редакциядағы 17-1 тармақ тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.";
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |