"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талғар ауданы Алатау ауылдық округінде казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекаралары айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | М. Сұлтанғазиев |
| Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 136 қаулысына қосымша |
Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округінде казино, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтың шекарасы

