"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің қаулылары жойылсын.
3. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 9 сәуірдегі | |
| № 86 қаулысына | |
| 1- қосымша |
"Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Негізгі ережелер
1. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысының аумағында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік және телекоммуникациялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен мемлекеттік тілдегі атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
6. Басқарма өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штаттық бірліктерінің лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, № 2/1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке есепке алынуға жатады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
13. Басқарманың миссиясы: Алматы облысының аумағында өз құзыреті шегінде ақпараттандыру, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект технологиялары және телекоммуникациялар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Міндеттері:
1) облыстың мемлекеттік органдары қызметін цифрлық трансформациялауды ұйымдастыру және үйлестіру, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және өңірлік деңгейде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) "ақылды қала" тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен қалалық инфрақұрылым салаларында заманауи және тиімді цифрлық шешімдерді енгізу;
3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторымен, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
5) өз құзыреті шегінде Алматы облысының аумағында цифрландыру, ақпараттандыру және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және бақылау;
6) облыс елді мекендерінде интернет желісіне және цифрлық сервистерге қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
7) Басқарманың және облыстың мемлекеттік органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, цифрлық құралдар арқылы ақпараттық қолжетімділікті және халықпен тиімді кері байланысты дамыту;
8) Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Ұлттық жобалар мен кешенді даму жоспарларын облыс аумағында іске асыру;
9) облыстық мемлекеттік органдарда жобаларды іске асыру барысында жобалық басқару әдістерін енгізуге қатысу, сондай-ақ басқару процестерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
2) өз функцияларын орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен өзге мемлекеттік органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат пен материалдарды талап ету және алу;
3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) цифрландыру, телекоммуникациялар, жасанды интеллект технологияларын қолдану және ақпараттық қауіпсіздік салаларында облыстың атқарушы органдары мен аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне талдау жүргізу;
5) аталған салалар бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және облыс әкімінің Басқарма құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде "Қызметтік пайдалану үшін" белгісі бар және "Құпия" грифтері бар құжаттар;
2) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін уәкілетті органға есептік ақпарат ұсыну, бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жоспарларын әзірлеу және тиісті іс-шараларды іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
4) ақпараттандыру саласында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау, азаматтардың өтініштерін қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар жасау;
5) цифрлық жобаларды өңірде танымал ету, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту мақсатында оқыту және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестердің, комиссиялардың және жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыру;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау, азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жүйелі мәселелерді анықтау;
8) "ақылды қала" құру және дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды және халықаралық тәжірибені зерделеу және практикада қолдану;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстарды (тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және шарттар жасасуды қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, ақпараттандыру объектілерін есепке алуды және "электрондық үкіметтің" сәулеттік порталында деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
11) жергілікті атқарушы органдар әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы кодтарды (болған жағдайда), лицензиялық параметрлерді және техникалық құжаттаманы сервистік интеграторға есепке алу, сақтау және ұсынуды қамтамасыз ету;
12) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторынан қызметтер каталогына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
13) цифрландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу, жыл сайынғы тексеру жоспарын қалыптастыру және анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
15) дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
16) байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылау;
17) облыстың елді мекендерін, автомобиль жолдарын және туристік объектілерін байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және тұрақты мониторингтеу;
18) облыс аумағында өткізілетін маңызды іс-шаралар кезінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
19) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
21) елді мекендерде пошта байланысы объектілерін орналастыруға жәрдемдесу;
22) "Ашық деректер" порталын толықтыру бойынша мемлекеттік органдармен жұмысты ұйымдастыру;
23) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бірыңғай платформада орналастыруды және олардың өзектілігін қамтамасыз ету;
24) жобаларды басқару процестерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, тәуекелдер мен мерзімдерді бақылау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысы лауазымға Алматы облысының әкімімен тағайындалады және лауазымынан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма туралы ережені әзірлейді;
2) Басқарманың құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
3) Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) Мемлекеттік мекеме — Басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда таныстырады және қорғайды;
7) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Басқарманың қызметтік және қаржылық құжаттарына қол қояды. Оның болмаған кезеңінде бұл өкілеттіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі;
8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге аттестаттау жүргізеді;
10) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасардың және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
11) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасар мен басқарма қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде және облыс әкімдігінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде (оның ішінде ақшалай кірістерді қоса алғанда) алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті, сондай-ақ қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 86 қаулысына | |
| 2-қосымша |
Алматы облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізбесі.
1. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекіту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысы;
2. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекіту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 188 қаулысы;
3. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 188 қаулысымен бекітілген "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 100 қаулысы.