"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабы, 69-бабының 4 тармағының 2) тармақшасына, "Аргест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аргест" жаупкершілігі шектеулі серіктестігіне Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы аумағында орналасқан, жалпы аумағы 2,5793 га және ұзындығы 2717 м ЖЭС объектісіне баламалы кірме жолды салу және пайдалану мақсатында елді мекен жерлерінің құрамындағы бос жер учаскесіне 01.05.2029 жылға дейінгі мерзімге жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.
2. "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің м. а. | С. Жаконов |