Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 257 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Қазақстан" филиалымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 87600 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ермағанбетов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 14 июля 2026 года № 257

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории Мугалжарского района общей площадью 87600 гектаров без изъятия у землепользователей, для разведки полезных ископаемых филиалом "Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Қазақстан". сроком до 1 августа 2032 года.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений по Мугалжарскому району" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование;

      2) размещение настоящего постановления на интернет ресурсе акимата Мугалжарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мугалжарского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Мугалжарского района Д. Ермаганбетов