Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 - баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "АТС Жанажол - ТП Эмба" магистральдық талшықты - оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін, Мұғалжар ауданы аумағынан жалпы алаңы 3,0129 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, уақытша 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мұғалжар ауданы әкімі | Д. Ермағанбетов |