"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 345 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 25 баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

  Мәртөк аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
25 қыркүйектегі № 345
шешімімен бекітілген

"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Мәртөк аудандық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

      2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылдық округі, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 ғимараты, пошта индексі 030600.

      10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мәслихат аппаратының мақсаттары:

      мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсету;

      мәслихаттың нормашығармашылық қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде мәслихат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

      Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету.

      14. Мәслихат аппаратының өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мәслихат пен Мәслихат аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді дайындау кезінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      мәслихат қызметін қамтамасыз ету және депутаттық сауалдар мен депутаттық өтініштерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуге;

      2) міндеттері:

      мәслихат сессияларының, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;

      мәслихат шешімдері мен оның органдарының өзге де актілерінің орындалу мерзімдері мен нәтижелеріне ұйымдастырушылық бақылауды қамтамасыз ету;

      мәслихат сессиялары мен оның тұрақты және өзге де комиссиялары отырыстарының хаттамалануын қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихатқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде қаралуын қамтамасыз ету;

      Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде петицияларды қарауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Мәслихат аппаратының функциялары:

      аудандық мәслихат Регламентіне сәйкес мәслихат сессияларын және оның тұрақты және өзге де комиссияларының отырыстарын өткізу жөніндегі дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмысты қамтамасыз етеді;

      депутаттарды мәслихат сессиялары мен органдарының отырыстарында қарауға енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз етеді;

      мәслихат депутаттарына консультациялық, ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде енгізген ұсыныстары мен ескертулерінің есебін жүргізеді және жинақтайды;

      мәслихат актілерін және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады, мәслихат шешімдерінің жобаларын құқықтық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мәслихат шешімдерін мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мәслихат шешімдерінің ресми жариялануын қамтамасыз етеді;

      мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және өзге де тұлғаларға таратуды қамтамасыз етеді;

      мәслихат сессиялары мен оның органдарының отырыстарының хаттамаларын және заңнамада көзделген өзге де құжаттарды жүргізеді;

      мәслихат қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      іс жүргізуді, құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін және құжаттарды мұрағатта сақтауды қамтамасыз етеді;

      Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде депутаттық сауалдармен және депутаттық өтініштермен жұмысты ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлайды;

      Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Мәслихат аппаратының құзыреті шегінде оның қызметін кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аппарат басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәслихат аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Мартукского районного маслихата"

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 25 сентября 2026 года № 345

      В соответствии со статьями 6, 25 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат Мартукского районного маслихата".

      2. Отменить решение Мартукского районного маслихата от 28 апреля 2023 года № 19 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Мартукского районного маслихата".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Мартукского
районного маслихата
Т. Көлкебаев

  Утверждено
  решением Мартукского
  районного маслихата
  от 25 сентября 2026 года № 345

Положение о государственном учреждении "Аппарат Мартукского районного маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Мартукского районного маслихата" (далее – Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Мартукского районного маслихата (далее – маслихат) и его органов, а также оказывающим помощь депутатам маслихата в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат Мартукского районного маслихата" не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя аппарата маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица:

      Республика Казахстан, Актюбинская область, Мартукский район, Мартукский сельский округ, село Мартук, улица Сейфуллина, здание 36, почтовый индекс 030600.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

      Если Аппарату маслихата законами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи, функции и полномочия государственного органа

      13. Задачи Аппарата маслихата:

      осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения маслихата и его органов;

      оказание содействия депутатам маслихата в осуществлении их полномочий;

      обеспечение организационного сопровождения нормотворческой деятельности маслихата;

      обеспечение открытости и гласности деятельности маслихата в пределах компетенции Аппарата маслихата;

      обеспечение деятельности Общественного совета в пределах компетенции Аппарата маслихата.

      14. Полномочия Аппарата маслихата:

      1) права:

      запрашивать и получать в установленном законодательством Республики Казахстан порядке от государственных органов, организаций и должностных лиц информацию, документы и иные материалы по вопросам, относящимся к компетенции маслихата и Аппарата маслихата;

      осуществлять взаимодействие с государственными органами и организациями при подготовке вопросов, относящихся к компетенции районного маслихата, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих решений;

      направлять государственным органам и организациям запросы по вопросам обеспечения деятельности маслихата и реализации депутатских запросов и депутатских обращений;

      2) обязанности:

      организация работы сессий маслихата, постоянных и временных комиссий маслихата;

      обеспечивать организационный контроль за сроками и результатами исполнения решений маслихата и иных актов его органов;

      обеспечивать протоколирование сессий маслихата и заседаний его постоянных и иных комиссий;

      обеспечивать рассмотрение обращений физических и юридических лиц, поступивших в районный маслихат, в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан, в пределах компетенции Аппарата маслихата;

      обеспечивать организационное сопровождение рассмотрения петиций в пределах компетенции Аппарата маслихата;

      осуществлять иные обязанности, установленные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции Аппарата маслихата:

      в соответствии с Регламентом районного маслихата обеспечивает подготовительную и организационно-техническую работу по проведению сессий маслихата и заседаний его постоянных и иных комиссий;

      обеспечивает депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий и заседаний органов маслихата;

      оказывает депутатам маслихата консультационную, информационную и методическую помощь;

      ведет учет и обобщение предложений и замечаний, внесенных депутатами при осуществлении ими своих полномочий;

      участвует в разработке актов маслихата и иных документов, обеспечивает правовое и организационное сопровождение проектов решений маслихата;

      в случаях и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан, обеспечивает направление решений маслихата на государственную регистрацию;

      в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечивает официальное опубликование решений маслихата;

      обеспечивает рассылку решений и других документов маслихата соответствующим государственным органам, организациям и иным лицам;

      ведет протоколы и иные предусмотренные законодательством документы сессий маслихата и заседаний его органов;

      организует информационное обеспечение деятельности маслихата;

      обеспечивает ведение делопроизводства, функционирования единой системы документооборота и архивного хранения документов;

      организует работу с депутатскими запросами и депутатскими обращениями в пределах компетенции Аппарата маслихата;

      планирует расходы на повышение квалификации депутатов маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      осуществляет организационное обеспечение деятельности Общественного совета, создаваемого в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об общественных советах".

      осуществляет кадровое, финансовое, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Аппарата маслихата в пределах компетенции;

      осуществляет иные функции, установленные законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Аппаратом маслихата осуществляется руководителем аппарата маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель аппарата назначается на должность и освобождается от должности председателем маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия руководителя аппарата маслихата:

      1) руководит деятельностью аппарата маслихата;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата маслихата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим Аппарата маслихата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата маслихата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) осуществляет иные полномочия, установленные законодательством Республики Казахстан.

      19. Исполнение полномочий руководителя аппарата маслихата в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      22. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.