Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптары, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № ЖТ-2025-04559285 "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" ЖШС-нің хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көк үй және Жиренқопа ауылдарына жалпы көлемі – 18.1937 га жер учаскесін күзет аймағымен бірге жеткізуші газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" ММ-не тұрақты жер пайдалану құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Аудан әкімі | І. Тынымгереев |