Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КАЗСУШАР" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтобе филиалына Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылының аумағындағы "Қарғалы су қоймасы" гидротехникалық құрылысына дейінгі кірме жол орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі - 2,8 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2036 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарғалы ауданының әкімі | Н. Унербаев |