"ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 146 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан № 710-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 5449 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 28 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі Д. Тоғызбаев

Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью "ERG Exploration"

Постановление акимата Айтекебийcкого района Актюбинской области от 27 апреля 2026 года № 146

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Айтекебийского района, ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут товариществу с ограниченной отвестственностью "ERG Exploration" по лицензии № 710-EL на земельный участок, расположенный на территории Айтекебийского района общей площадью – 5449 га для разведки твердых полезных ископаемых, сроком до 28 июня 2031 года, без изъятия у землепользователей.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел сельского хозяйства и земельных отношений" в установленным законодательством порядке обеспечит:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Товариществу с ограниченной отвестственностью "ERG Exploration" обеспечить компенсацию за причиненные убытки землепользователям участков и по окончанию работы по разведке полезных ископаемых, провести рекультивацию нарушенных земель.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Айтекебийского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Айтекебийского района Д. Тугузбаев