Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 8 - баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына (26 сәуір 2026 жыл) орай Ақтөбе қаласында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы
апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық
немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық
немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
4) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс
болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
5) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы
апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар.
2. Қосымша әлеуметтік көмек "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпарациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.
3. Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |