Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 283 ""Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5912 тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:
"4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі.";
5-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:
"Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.";
9-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.";
10-тармақтың бірінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:
"10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.";
13-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және цифрлық жүйеде сақталады.";
18-тармақтың бірінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:
"18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";
23-тармақтың бесінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:
"Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның цифрлық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.";
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы |
Есепке алынады: |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Еңбек тәртібін сақтау |
Есепке алынады: |
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |