"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 35-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 122 қаулыға қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1. "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 78 қаулысы.
2. "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 178 қаулысы.
3. "Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 179 қаулысы.
4. "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 216 қаулысы.