Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 8 көлінде (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 8 көлінде (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
"Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 58 қаулысына 1-қосымша |
Ақтөбе облысының 8 көлінің (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Көлдердің атауы | Су объектісінің ауданы, гектар | Су қорғау аймақтары | Су қорғау белдеулері | ||||
Ені, метр | Су қорғау аймағының ауданы, гектар | Координаттары | Ені, метр | Су қорғау белдеуінің ауданы, гектар | Координаттары | |||
1 |
Соркөл көлі | 1030,49 | 500 | 702,30 |
56° 19' 26,0724"-50° 5' 17,808" | 35 | 49,04 |
56° 19' 0,606"-50° 5' 11,778" |
2 |
Жиренкөл көлі | 3436,92 | 500 | 1136,84 |
54° 46' 26,5044"-50° 46' 33,0816" | 35 | 100,2 |
54° 47' 14,3268"-50° 46' 44,0544" |
3 |
Сабынды көлі | 242,0 | 300 | 186,24 |
58° 10' 40,2744"-49° 24' 52,7472" | 100 | 57,98 |
58° 10' 50,8692"-49° 24' 59,4936" |
4 |
Жарқықөл көлі | 840,18 | 500 | 608,70 |
57° 27' 45,19314"-8° 45' 32,83434" | 35 | 39,69 |
57° 27' 24,800724"-48° 45' 42,38064" |
5 |
Сасықкөл көлі | 3173,6 | 500 | 1751,33 |
61° 37' 28,9344"-48° 30' 51,0696" | 100 | 510,86 |
61° 37' 48,2268"-48° 30' 49,6692" |
6 |
Коренкөл көлі | 21 389,4 | 500 | 3558,47 |
62° 31' 51,9456"-47° 57' 56,2896" | 35 | 257,20 |
62° 32' 21,6528"-47° 57' 52,2481" |
7 |
Құтикөл көлі | 731,275 | 300 | 358,999 |
61° 21' 3,591936"-48° 19' 30,399924" | 35 | 41,025 |
61° 20' 46,889376"-48° 19' 16,881132" |
8 |
Күйгенкөл көлі | 564,12 | 500 | 425,37 |
57° 25' 44,169996"-48° 48' 14,490648" | 35 | 25,23 |
57° 25' 33,014568"-48° 47' 59,857296" |
*Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 58 қаулысына 2-қосымша |
Ақтөбе облысының 8 көлінің (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
2. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
*Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жүктемесінің нормасы "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешімімен көзделген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген).