"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы №662 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 10 шiлдедегi № 486 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде (30 қосымша)

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: пошталық индексі: M06F3F4 (100000), Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Бұқар Жырау даңғылы, 9А құрылыс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуші органдарда тіркеуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін
атқарушы полиция генерал-майоры
Б. Әленов

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 "Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июля 2026 года № 486

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 "Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9792), следующее изменение:

      в Положении о Департаменте уголовно-исполнительной системы по Карагандинской области и по области Ұлытау Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (приложение 30), утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Департамента: почтовый индекс: M06F3F4 (100000), Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек би, проспект Бухар Жырау, строение 9А.".

      2. Департаменту уголовно-исполнительной системы по Карагандинской области и по области Ұлытау Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) регистрацию в установленном законодательством Республики Казахстан порядке изменений в учредительных документах в регистрирующих органах;

      4) направление сведений в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение пяти календарных дней со дня размещения настоящего приказа в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Исполняющий обязанности
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-майор полиции
Б. Аленов