Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1, 2 - қосымшалары осы қаулыға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 47 қаулысына 1-қосымша |
|
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына 1-қосымша |
Базалық норматив: 4,5 АЕК (айлықтық есептік көрсеткіші)
БМТ аясында базалық норматив пен түзету коэффициенттерінің, сондай-ақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының шекті мөлшері
Санат нөмірі | Санат сипаттамасы | Түзету коэффициенті | Түзету коэффицентін айқындау диапазоны | БМТ соммасы, теңге = базалық норматив * түзету коэффициенті |
1 | Мүмкіндігі шектеулі балалар | 1,5 | 1,5-ден бастап 2-ге дейін | 19 463 * 1,5 = 29 195 |
2 | ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар | 1,5 | 1,2-ден бастап 2-ге дейін | 19 463 * 1,5 = 29 195 |
3 | Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
4 | Ата-анасының біреуі мүгедек болып табылатын отбасылардан шыққан балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
5 | Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалр | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
6 | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
7 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
8 | Көпбалалы отбасынан шыққан балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
9 | Отбасының жан басына шаққандағы кірісі шекті мөлшерден төмен болатын өзге санаттағы балалар | 1 | 1-ден (қоса алғанда) 1,5 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
10 | Отбасының жан басына шаққандағы кірісі шекті мөлшерден жоғары болатын өзге санаттағы балалар | 1 | 0,5-тен (қоса алғанда) 1 – ге дейін | 19 463 * 1 = 19 463 |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 47 қаулысына 2-қосымша |
|
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына 2-қосымша |
Пилоттық жобаны іске асыру үшін 2026 жылға арналған Бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың көлемі
№ | Бағыт атауы | Тапсырыс көлемі |
1 | Білім, шығармашылық, спорт | 2 144 280 938 теңге |
Барлығы | 2 144 280 938 теңге | |