"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 27 ақпандағы хаттамасы негізінде, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданының аумағында объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдаханов төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бурабай ауданының әкімі | А. Садыков |