Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 466/62-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38156 болып тіркелді

      Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 маусымдағы №180/23-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және қағидасын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Целиноград аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Целиноград аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л.Конарбаева

 
  Целиноград аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 466/62-8
шешіміне қосымша

Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), Целиноград ауданында тұратындарға:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін көрсетілетін қызметті берушімен "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі және коммуналдық қызметтерінің шығыстары өткен тоқсан үшін есепке алынады.

      8. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 28 июня 2024 года № 180/23-8 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе"

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 16 марта 2026 года № 466/62-8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2026 года № 38156

      Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Целиноградского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Целиноградском районе" от 28 июня 2024 года № 180/23-8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8781-03) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в Целиноградском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи в Целиноградском районе, согласно приложению к настоящему решению.";

      размер и порядок оказания жилищной помощи в Целиноградском районе, определенные в приложении указанного решения, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Целиноградского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Целиноградского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Целиноградского районного маслихата Л. Конарбаева

  Приложение к решению
Целиноградского районного
маслихата
от 16 марта 2026 года
№ 466/62-8

Размер и правила оказания жилищной помощи в Целиноградском районе Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель) постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Целиноградском районе, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Целиноградского района" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем в соответствии с Правилами предоставления жилищной помощи (далее – Правила), утвержденными приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели в размере 5 (пять) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      5. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства".

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      7. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход услугополучателя и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.

      8. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателю.

      9. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета услугополучателя.