Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Қорғалжын ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2026 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасының негізінде, Сабынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сабынды ауылдық округінде табиғи сипаттағы объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| М. Хамитжанов |