Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 8С-45/5 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі көрсетілген жоспардың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 6-кестемен толықтырылсын:
"Кесте 6. Қайтарылған жер учаскелері туралы мәліметтер
Ауылдың, ауылдық округтің атауы | Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін жер учаскелері, гектар | Жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар, гектар |
Бірсуат ауылы | 439,7 | 4266,1 |
Құмсуат ауылы | 1487,0 | - |
Пригородный ауылы | - | 574,4 |
Пятигор ауылы | 16,0 | - |
Тассуат ауылы | - | 145,4 |
Шойындыкөл ауылы | - | 16381,3 |
Костычев ауылдық округі | 26,0 | - |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Әлжанов |