"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасыларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | _________ Н. Сексенов |