Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясының өтінішін қарап, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясына Атбасар ауданы, Полтавка және Покровка ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 7656,0 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, олармен өтініш берушінің өзі дербес келісе отырып, 2031 жылдың 08 мамырына дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Әлімжанов |