"Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № С 57-1 шешімі

      Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 (Ақмола облысы Әділет департаментімен 2024 жылғы 31 қаңтарда № 8691 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Жүгінген айдан бастап әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі;";

      10-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы алып тасталсын;

      11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;";

      11-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      12-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С. Абаханов

О внесении изменений в решение Аккольского районного маслихата от 8 января 2024 года № С 15-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккольском районе"

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 9 апреля 2026 года № С 57-1

      Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аккольского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккольском района" от 8 января 2024 года № С 15-2 (зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 31 января 2024 года № 8691) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5) социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год, 1 раз в два года) и производится с месяца обращения;";

      абзац первый подпункта 3) пункта 10 исключить;

      подпункт 2) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "2) лицам, имеющим социально-значимые заболевания (злокачественные новообразования, туберкулез, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)), состоящим на учете в организациях здравоохранения, по одному виду из заболеваний 1 раз в год в предельном размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 9) пункта 11 исключить;

      подпункт 1) пункта 12 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аккольского районного маслихата С. Абаханов